HP Laptop User's Guide - Linux
Жүктеу құрылғысын f9 пернесін басып нұсқауларға сəйкес
динамикалық түрде таңдау
Ағымдағы бастау процедурасы үшін жүктеу құрылғысын динамикалық түрде таңдауға мына
əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз жəне Select Boot Device (Жүктеу
құрылғысын таңдау) мəзірі ашылады.
2. f9 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен
жүктеу ретін таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер бірден іске қосылады.
MultiBoot Express кеңестерін орнату
Computer Setup утилитасын бастап, компьютер іске қосылған немесе қайта басталған сайын
MultiBoot бастау мəзірін көрсететіндей етіп орнату үшін, мына əрекеттерді орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш
құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен System Configuration
(Жүйе конфигурациясы) > Boot Options (Жүктеу параметрлері) тармақтарын таңдаңыз,
содан кейін enter пернесін басыңыз.
4. Əдепкі параметр ағымдағы MultiBoot параметріне жеткенше компьютердің басталу
орналасқан мəзірін экранға шығару уақытының секундта көрсетілетін мəнін Multiboot
Express Popup Delay (Sec) (Multiboot Express қалқыма хабарын кідірту (сек)) өрісіне
енгізіңіз. («0» мəні таңдалған жағдайда, Express Boot басталуының орналасу мəзірі
көрсетілмейді.)
5. Өзгертулерді сақтап, Computer Setup утилитасынан
шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
– немесе –
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
MultiBoot таңдаулы параметрлерін таңдау 91