HP Laptop User's Guide - Linux

Сымсыз желі байланысы жұмыс істемей отыр
Егер сымсыз желі қосылысы дұрыс жұмыс істемесе, төмендегі əрекеттерді орындаңыз.
Сымсыз немесе сымды желілік құрылғыны қосу немесе ажырату үшін, тапсырма
тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру аймағындағы Сетевое соединение
(Желілік қосылыс) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Құрылғыларды қосу
үшін мəзір мүмкіндіктерінен құсбелгі қойыңыз. Құрылғыны ажырату үшін құсбелгі алып
тастаңыз.
Сымсыз
құрылғының қосылғанын тексеріңіз.
Компьютердің сымсыз антенналарына ешбір кедергі жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
DSL немесе кабель модемі жəне оның қуат сымы дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдар
жанғанына көз жеткізіңіз.
Сымсыз жол жоспарлағышы немесе кіру нүктесі оның қуат адаптеріне жəне кабель немесе
DSL модеміне дұрыс жалғанғанына, сондай-ақ шамдардың жанғанына көз жеткізіңіз.
Барлық
кабельдерді ажыратып, қайта жалғаңыз, одан кейін қуатты өшіріп, қайта қосыңыз.
Оптикалық диск салғыш ықшам диск немесе DVD дискісін шығару
үшін ашылмайды
1. Диск жетегінің бет панеліндегі ашу тесігіне қағаз қыстырғыштың ұшын (1) кіргізіңіз.
2. Диск салғыш шыққанша қағаз қыстырғышты жайлап басып, ол тоқтағанша салғышты (2)
алға тартыңыз.
Ақаулықтарды жою 95