HP Laptop User's Guide - Linux

Компьютер ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін анықтамайды
Егер орнатылған құрылғы амалдық жүйеңізбен анықталмаса, құрылғы драйверінің
бағдарламалық құралы жоқ немесе зақымдалған болуы мүмкін.
1. Дискілердің барлығын оптикалық дискжетегінен шығарып алыңыз.
2. Компьютер, одан кейін Системный монитор (Желі мониторы) пəрмендерін таңдаңыз.
3. Аппаратное обеспечение (Аппараттық құралдар) қойыншасында Тип (Түрі) бағанасынан
сыртқы жад контроллерін анықтаңыз.
4. Оптикалық дискіңіз табылғанша құрылғылардың қасындағы бұрышты нұқыңыз. Егер
диск
тізімде көрсетілсе, ол дұрыс жұмыс жасауы тиіс.
Диск ойнатылмайды
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында жұмысыңызды сақтап, барлық
ашық болған бағдарламаларды жабыңыз.
Ықшам дискіні немесе DVD дискісін ойнатудың алдында Интернеттен шығыңыз.
Дискіні дұрыс салғандығыңызға көз жеткізіңіз.
Дискінің таза екеніне көз жеткізіңіз. Қажет болса, дискіні сүзгіленген сумен жəне түксіз
матамен тазалаңыз. Дискіні ортасынан сыртқы жиекке қарай сүртіңіз.
Дискінің жыртылмағандығын тексеріңіз.
Егер жыртылғандығы байқалса, дискіні
электрондық бұйымдар дүкендерінде сатылатын оптикалық диск жөндеу жинағымен
қалпына келтіріңіз.
Дискіні ойнатудың алдында күту режимін өшіріңіз.
Дискіні ойнату барысында күту немесе ұйқы күйін бастамаңыз. Олай болмаған жағдайда,
жалғастыруды қалайсыз ба сияқты ескерту хабарламасы экранға шығарылады. Егер бұл
хабарлама экранға шықса, Нет (Жоқ) түймешігін басыңыз. Жоқ түймешігі басылғаннан
кейін
төмендегі жағдай орын алуы мүмкін:
Ойнату жалғасуы мүмкін.
немесе
Мультимедиа бағдарламасының ойнату терезесі ашылуы мүмкін. Дискіні ойнатуға
қайту үшін, дискіні қайта бастауға мультимедиа бағдарламасында Воспроизвести
(Ойнату) түймешігін басыңыз. Кейбір жағдайларда бағдарламадан шығып, оны қайта
бастауыңыз қажет.
Ақаулықтарды жою 97