HP Laptop User's Guide - Linux

Фильм сыртқы дисплейде көрінбейді
1. Егер компьютердің өз дисплейі де, сыртқы дисплей де қосылып тұрса, екеуінің арасында
ауысып отыру үшін, fn+f4 пернесін бір немесе бірнеше рет басыңыз.
2. Сыртқы дисплейді бастапқы ету үшін, монитор параметрлерін мына жолмен реттеңіз:
а. Компьютердің жұмыс үстелінің бос аймағында тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып,
Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) параметрін таңдаңыз.
ə. Негізгі дисплей мен қосалқы дисплейді көрсетіңіз.
ЕСКЕРІМ: Дисплейдің екеуін қолданғанда, DVD дискісіндегі фильм қосалқы дисплей
ретінде тағайындалған дисплейден көрінбейді.
Дискіге жазу үрдісі басталмайды немесе аяқталғанға дейін тоқталады
Басқа бағдарламалардың барлығының жабылғандығына көз жеткізіңіз.
Күту режимінен немесе ұйқы күйінен шығыңыз.
Диск жетегінде дискінің дұрыс түрінің қолданылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Дискінің дұрыс салынғандығына көз жеткізіңіз.
Баяу жазу жылдамдығын таңдап, əрекетті қайталаңыз.
Дискіні көшіріп жатқан кезде, мазмұнды жаңа дискіге көшірмес бұрын бастапқы дискідегі
ақпаратты қатты дискіге сақтап, одан
кейін қатты дискіден көшіріңіз.
Тұтынушыларға қолдау көрсету қызметімен
байланысу
Егер осы нұсқаулықтағы ақпарат арқылы мəселе шешілмесе, НР компаниясының
тұтынушыларды қолдау қызметімен мына мекенжай бойынша байланысуға болады:
http://www.hp.com/go/contactHP
ЕСКЕРІМ: Дүние жүзі бойынша өнімдерді қолдау алу үшін, http://welcome.hp.com/country/us/
en/wwcontact_us.html мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз.
Бұл жерде сізде мынадай мүмкіндіктер болады:
НР компаниясының маманымен Интернет арқылы чат сеансын жүргізу.
ЕСКЕРІМ: Техникалық қолдауды белгілі бір тілде алу мүмкін болмаса, оны ағылшын
тілінде пайдалануға болады.
HP тұтынушыларды қолдау орталығына электрондық хат жіберу.
HP компаниясының Тұтынушыларды қолдау орталығының дүниежүзілік телефон
нөмірлерін табу.
HP компаниясының қызмет көрсету орталығын табу.
98 Қосымша а Ақаулықтарды жою жəне қолдау көрсету