HP Laptop User's Guide - Linux

1 Қош келдіңіз
Компьютер орнатылғаннан жəне тіркелгеннен кейін мына əрекеттерді жүзеге асырыңыз:
Интернетке қосылуИнтернетке қосылу үшін, сымды жəне сымсыз желіні реттеңіз.
Қосымша ақпарат алу үшін,
Желі байланысын орнату 22-бетте тарауын қараңыз.
Компьютермен танысукомпьютер мүмкіндіктері туралы қосымша мəлімет алыңыз.
Қосымша ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш
құрылғылар 29-бетте атты бөлімдерден қараңыз.
Орнатылған бағдарламалық құралды табукомпьютерде алдын ала орнатылған
бағдарламалық құралдар тізімін қараңыз. Компьютер > Приложения (Қосымша
қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз. Алдын ала орнатылған бағдарламалық құралдардың
тізімі көрсетіледі.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі бағдарламалық құралды пайдалану туралы толық ақпарат алу
үшін, Компьютер > Справка (Анықтама) пəрмендерін таңдаңыз. Бағдарламалық құрал
өндірушісінің нұсқауларын да қараңыз, ол бағдарламалық құралмен бірге беріледі немесе
өндірушінің веб-торабында болады.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңартуБағдарламалар мен драйверлерді ең
соңғы нұсқаларға дейін жүйелі түрде жаңарту үшін қолданылады. Компьютеріңіз
тіркелгеннен кейін ол ең соңғы нұсқаларға дейін жүйелі автоматты түрде жаңартылады.
Компьютерді тіркеу барысында жаңартулар бар екені туралы автоматты ескертулерді алу
мүмкіндігін таңдауға болады. Амалдық жүйеге арналған жаңартулар туралы автоматты
ескертулер 90 күн ішінде жарамды болады.
НР компаниясынан жаңартуларды жүктеп алу
үшін,
http://www.hp.com/support веб-торабына кіруге болады.
1