HP Laptop User's Guide - Linux
© Copyright 2012 Hewlett-Packard
Development Company, L.P.
Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі
болып табылады жəне оны Hewlett-
Packard компаниясы лицензия бойынша
пайдаланады. SD Logo — өз меншік
иесінің сауда белгісі.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз
өзгертіледі. HP өнімдері мен
қызметтеріне кепілдік тек осындай
өнімдермен жəне қызметтермен бірге
келетін тікелей кепілдік
мəлімдемелерінде беріледі. Осы
құжаттағы ешқандай мəліметтер
қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс. HP
компаниясы осы құжаттағы техникалық
немесе редакторлық
қателерге, не
болмаса қалып кеткен мəліметтер үшін
жауапты емес.
Бірінші басылым: мамыр, 2012 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі: 679214–DF1
Өнім ескертуі
Бұл нұсқаулықта көптеген модельдерге
ортақ мүмкіндіктері сипатталған. Кейбір
мүмкіндіктер компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Осы нұсқаулықтағы ең соңғы ақпарат алу
үшін НР компаниясының веб-торабына
http://www.hp.com/support мекенжайы
бойынша өтіңіз.
Бағдарламалық құрал шарттары
Осы компьютерге алдын ала орнатылған
кез келген бағдарламалық құрал өнімін
орнату, көшіру, жүктеп алу немесе басқа
жолмен пайдалану арқылы HP түпкі
пайдаланушы лицензиялық келісімінің
шарттарына бағынуға келісесіз. Бұл
лицензия шарттарымен келіспесеңіз,
компьютерді сатқан орынның қаражатты
қайтару ережелеріне сəйкес,
пайдаланбаған өнімді (аппараттық жəне
бағдарламалық құралды) 14 күн ішінде
сатушыға қайтарып, төленген соманы
қайтарып
алуыңызға болады.
Компьютер үшін төленген қаражатты
толығымен қайтару туралы толық
ақпаратты немесе сұрау жіберу үшін,
жергілікті сату нүктесіне (сатушыға)
хабарласыңыз.