HP Laptop User's Guide - Linux
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану
Интернетке қосылмас бұрын Интернет провайдерінің есептік жазбасын орнату қажет. Интернет
қызметі мен модем сатып алу үшін, жергілікті Интернет провайдерімен хабарласыңыз.
Интернет провайдері модем параметрлерін реттеуге, сымсыз компьютерді модемге қосу үшін
желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен
құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз байланыс жəне желі күйінің белгішелерін
анықтау
Белгіше Атауы Сипаттама
Сымсыз байланыс
(қосылған)
Бір немесе бірнеше сымсыз құрылғылардың қосулы екенін
көрсетеді.
Желілік қосылыс
(қосылған)
Сымды желінің қосылғандығын жəне белсенді болғандығын
көрсетеді. Егер сымды да, сымсыз да қосылыстар белсенді
болса, жылдамырақ болғандықтан амалдық жүйенің сымды
қосылысы қолданылады.
Желілік қосылыс
(ажыратылған)
Сымды жəне сымсыз желілердің қосылмағандығын көрсетеді.
Сымсыз қосылысты жасау
Компьютер келесі сымсыз құрылғылардың біреуі немесе бірнешеуімен жабдықталған болуы
мүмкін:
●
Сымсыз жергілікті желі (WLAN) құрылғысы
● Bluetooth® құрылғысы
Сымсыз құрылғыларды қосу жəне өшіру
Сымсыз байланыс түймешігін пайдалану
Сымсыз байланыс пернесін сымсыз желілік контроллердің жəне Bluetooth контроллерінің екеуін
бір уақытта өшіру мен қосу үшін пайдаланыңыз. Оларды Басқару орталығы немесе
Компьютерді орнату арқылы жеке-жеке басқаруға болады.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі сымсыз байланыс түймешігінің түрі мен орналасқан орны туралы
ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімінен қараңыз.
Интернет провайдерін (ISP) пайдалану 23