HP Laptop User's Guide - Linux
Жаңа WLAN желісін орнату
Қажетті жабдықтар:
● Кең жолақты модем (DSL немесе кабельді) (1) жəне Интернет провайдерінен (ISP) сатып
алынған жоғары жылдамдықты Интернет қызметі
● Сымсыз жол жоспарлағыш (бөлек сатылады) (2)
● Сымсыз компьютер (3)
Төменде берілген суретте Интернетке қосылған сымсыз желінің орнатымы мысалға келтірілген.
ЕСКЕРІМ: Кейбір кабельді модемдердің ішіне жол жоспарлағышы кірістіріледі. Жол
жоспарлағышын бөлек сатып алу қажеті туралы Интернет қызметі провайдерінен сұраңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз қосылысты орнату кезінде компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышының
қадамдастырылғанын тексеріңіз. Компьютер мен сымсыз жол жоспарлағышын қадамдастыру
үшін, компьютерді жəне сымсыз жол жоспарлағышын өшіріп, қайта қосыңыз.
Желі кеңейген сайын, Интернетке кіру үшін желіге қосымша сымсыз жəне сымды
компьютерлерді қосуға болады.
Сымсыз жергілікті желіні (WLAN) орнату туралы көмек алу үшін, жол жоспарлағышы немесе
Интернет қызметі провайдері (ISP) арқылы берілген ақпаратты қараңыз.
WLAN жүйесін қорғау
WLAN құрылғысын орнатқан немесе бар WLAN желісіне кірген кезде, əрқашан рұқсатсыз
кіруден желіні қорғау үшін қауіпсіздік мүмкіндіктерін қосыңыз. Қоғамдық аймақтар немесе
кофеханалар жəне əуежайлар сияқты адам көп аймақтар ешқандай қауіпсіздікті қамтамасыз
етпейді. Байланыс орнында компьютердің қауіпсіздігі туралы сенімді болмасаңыз, өрескел
емес электрондық пошта жіберу жəне негізгі Интернетте іздеу сияқты желі əрекеттерімен
шектеңіз.
Сымсыз радио сигналдары
желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN жүйесін қорғау үшін мынадай сақтық
шараларын орындауға болады:
●
Желіаралық қалқанды пайдалану— деректерді жəне желіге жіберілетін деректер
сұрауларын тексереді жəне күдікті элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар
бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де
біріктіріп пайдаланады.
●
Сымсыз байланыс шифрлауы — компьютеріңіз
үш шифрлау протоколын қолдайды:
◦ WPA (Wi-Fi Protected Access);
◦
Wi-Fi Protected Access II (WPA2);
◦
WEP (Wired Equivalent Privacy).
WLAN құрылғысын қолдану 25