HP Laptop User's Guide - Linux

Жылдам пернелер
тіркесімі
Сипаттама
fn+f5 QuickLock қауіпсіздік мүмкіндігін қосады. QuickLock бағдарламасы амалдық жүйеге кіру
терезесін көрсету арқылы ақпаратты қорғайды. Жүйеге кіру терезесі көрсетіліп тұрғанда,
пайдаланушы құпиясөзі немесе амалдық жүйенің түбірлік құпиясөзі енгізілгенше компьютерге
кіруге болмайды.
ЕСКЕРІМ: QuickLock мүмкіндігін пайдаланбас бұрын амалдық жүйе пайдаланушысының
құпиясөзін немесе амалдық жүйенің түбірлік құпиясөзін орнатуыңыз тиіс. Нұсқауларды
анықтама бөлімінен қараңыз.
fn+f6 Орнатылған барлық батареялардың заряд мəліметтерін көрсетеді. Дисплей қай батареяның
зарядталғанын көрсетіп тұрады жəне əр батареяда қалған заряд көлемі жайында есеп береді.
fn+f7 Үндеткіш дыбысын өшіреді немесе қайта қосады.
fn+f8 Үндеткіш дыбысын төмендетеді.
fn+f9 Үндеткіш дыбысын жоғарылатады.
fn+f10 Аудио ықшам дискідегі алдыңғы жолды немесе DVD немесе BD дискісіндегі алдыңғы бөлімді
ойнатады.
fn+f11 Ықшам дискіні, DVD немесе BD дискісін ойнатады, уақытша тоқтатады немесе жалғастырады.
fn+f12 Аудио ықшам дискідегі келесі жолды, ал DVD немесе BD дискілерінде келесі бөлімді
ойнатады.
Пернетақталарды пайдалану
Компьютерде енгізілген сандық пернетақта (немесе кірістірілген сандық пернетақта) бар. Бұған
қоса, компьютер қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар
қосымша сыртқы сандық пернетақтаны қолдайды.
Енгізілген сандық пернетақтаны пайдалану
Бөлік Сипаттама
(1) fn пернесі num lk пернесімен бірге басылғанда, енгізілген сандық
пернетақтаны қосады жəне сөндіреді.
ЕСКЕРІМ: Cыртқы пернетақта немесе санды пернетақта
компьютерге жалғанғанда, енгізілген санды пернетақта
жұмыс істемейді.
30 Бап 4 Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар