HP Laptop User's Guide - Linux
Сенсорлы тақтаны қолдану
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз. Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің
түймешіктері сияқты пайдаланылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютермен бірге жеткізілетін меңзегіш құрылғылармен қоса, сыртқы USB
тінтуірін оны компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы пайдалануға болады.
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу
Сенсорлы тақтаны өшіру жəне қосу үшін, сенсорлы тақтаны қосу/өшіру түймешігін екі рет
жылдам түртіңіз.
Сенсорлы тақта шамы жəне экрандағы дисплей белгішелері сенсорлы тақта өшірулі немесе
қосулы тұрғанда оның күйін көрсетеді. Келесі кестеде сенсорлы тақтаның көрсетілетін
белгішелері көрсетіліп, сипатталған.
Сенсорлы тақта шамы Белгіше Сипаттама
Сары
сенсорлы тақтаның өшірілгенін көрсетеді.
Өшірулі
сенсорлы тақтаның қосылғанын көрсетеді.
Шарлау
Меңзерді басқа жерге жылжыту үшін, саусағыңызды сенсорлы тақта беті арқылы қалаған
бағытқа жылжытыңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 33