HP Laptop User's Guide - Linux
Жылжу
Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде
қажет əрекет. Жылжу үшін екі саусақты сенсорлы тақтаның үстіне бөлек қойып, оларды
сенсорлы тақта арқылы жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай апарыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жылжу жылдамдығы саусақ жылдамдығы арқылы басқарылады.
Шымшу/Масштабтау
Шымшу суреттерді немесе мəтінді үлкейтуге не кішірейтуге мүмкіндік береді.
●
Үлкейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға бірге қойып, олардың арасын ашыңыз.
●
Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың
арасын жақындатыңыз.
Меңзегіш құрылғылар параметрлерін орнату
Түймешік конфигурациясы, басу жылдамдығы жəне меңзер параметрлері сияқты меңзегіш
құрылғылар параметрлерін реттеу үшін
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Мышь
(Тінтуір) тармағын таңдаңыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану 35