HP Laptop User's Guide - Linux

Дыбыс деңгейін реттеу
Дыбыс деңгейін келесілер арқылы реттеуге болады:
Дыбыс деңгейі жылдам пернелері
Дыбыс деңгейін реттеу пернелері
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, гарнитураларды жəне құлақаспаптарды
киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік жəне қоршаған орта ескертулері бөлімін қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Дыбыс деңгейі амалдық жүйе жəне кейбір бағдарламалар арқылы басқарылады.
ЕСКЕРІМ: Компьютеріңіздегі дыбыс деңгейін басқару құралдарының түрі туралы ақпаратты
Компьютермен танысу 4-бетте жəне Пернетақта мен меңзегіш құрылғылар 29-бетте
бөлімдерінен қараңыз.
Аудио функцияларын тексеру
Компьютердегі жүйе дыбысын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Звук
(Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
3. Звуковые эффекты (Дыбыс əсерлері) қойыншасын ашыңыз, одан кейін дыбыс түрлерінің
əрқайсысын тексеру үшін Выбрать звук уведомления (Ескерту дыбысын таңдау
)
терезесінен дыбыс түрлерінің біреуін таңдаңыз.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, осы қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютер > Центр управления (Басқару орталығы) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Звук
(Дыбыс) тармағын таңдаңыз.
3. Вход (Кіріс) қойыншасын ашып, Соединитель (Қосқыш) параметрінің маңайындағы
ашпалы мəзірден Микрофон немесе Однорядный (
Бір қатарда) тармағын таңдаңыз.
4. Кіріс дыбыс деңгейін реттеу үшін Звук на входе (Кіріс дыбыс) сырғытпасын қажет
деңгейге орнатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ
параметрде дыбысты жазыңыз.
Компьютеріңіздегі аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін, тапсырмалар тақтасының
оң жағындағы хабарландыру аймағында орналасқан Звук (Дыбыс) белгішесін оң жақ
түймешігімен басыңыз.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Кейбір компьютерде кірістірілген веб-камера бар, ол дисплейдің жоғарғы жағында орналасқан.
Алдын ала орнатылған Cheese бағдарламалық құралы арқылы веб-камераны фотосуреттер
түсіру немесе бейне жазу үшін пайдалануға болады. Фотосуреттерді немесе жазылған бейне
қарап шығуға немесе сақтауға болады.
Веб-камераны пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)37