HP Laptop User's Guide - Linux
Веб-камера бағдарламалық құралы мынадай мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндік береді.
●
Бейне түсіріп, ортақ пайдалану
●
Жылдам хабар алмасу бағдарламалық құралының көмегімен бейне дерек алу
●
Дыбыссыз суретке түсіру
ЕСКЕРІМ: Веб-камераны пайдалану туралы ақпарат алу үшін Cheese бағдарламалық
құралының Help (Анықтамасын) нұқыңыз.
Бейне құрылғыларын пайдалану
Компьютеріңізде мына сыртқы бейне порттары бар:
●
VGA
●
HDMI
VGA
Сыртқы монитор порты немесе VGA порты аналогтық дисплей интерфейсі болып табылады, ол
сыртқы VGA мониторы сияқты VGA дисплей құрылғысын немесе VGA проекторын компьютерге
қосады.
▲
VGA дисплей құрылғысын қосу үшін, құрылғы кабелін сыртқы монитор портына жалғаңыз.
Компьютерге жалғанған дисплейлер арасында кескінді ауыстырып көрсету үшін fn+f4
пернелерін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: fn+f4 пернелерін басу арқылы параметрлер арасында ауысуға мүмкіндік
беріледі. Ноутбук панелі, ноутбук панелімен бірге қолданылатын сыртқы құрылғы немесе
сыртқы мониторлардың біреуі арасында ауысуға болады. Дисплей портына жəне VGA
порттарына сыртқы мониторларды да жалғауға болады. Бірақ олардың біреуі ғана бір
уақытта белсенді болуы мүмкін.
Егер сыртқы монитор fn+f4 пернелері басылғаннан кейін анықталмаған болса, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
38 Бап 5 Мультимедиа