HP Laptop User's Guide - Linux
HDMI
HDMI порты компьютерді ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты қосымша бейне дерек
немесе дыбыстық құрылғысына не болмаса кез келген үйлесімді сандық немесе дыбыстық
құралдарына жалғайды.
ЕСКЕРІМ: Бейне жəне/немесе дыбыс сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, HDMI
кабелі (бөлек сатылады) керек болады.
Бір HDMI құрылғысын компьютердің HDMI портына жалғауға болады. Компьютер экранындағы
ақпаратты HDMI құрылғысында бір уақытта бейнелеуге болады.
Бейне немесе аудио құрылғысын HDMI портына жалғау үшін
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын бейне құрылғысына жалғаңыз, одан кейін қосымша ақпаратты
өндіруші нұсқауларынан қараңыз.
Дыбысты HDMI көмегімен реттеу
HDMI аудио параметрлерін реттеу үшін, алдымен ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты
аудио немесе бейне құрылғысын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз. Одан кейін, əдепкі
аудио ойнату құрылғысының параметрлерін келесі жолмен реттеңіз:
1. Тапсырма тақтасының оң жағында орналасқан хабарландыру аймағындағы Speakers
(Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Output (Шығыс) параметрін
таңдаңыз.
2. Playback (Ойнату) қойыншасында Цифровой выход (Сандық
шығыс) немесе Цифровое
устройство вывода (HDMI) (Сандық шығыс құрылғысы (HDMI)) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
40 Бап 5 Мультимедиа