HP Laptop User's Guide - Linux

6 Қуатты басқару
Компьютердің жұмысын аяқтау
ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілгенде сақталмаған ақпарат жойылады.
Жұмысты аяқтау пəрмені амалдық жүйені қоса барлық ашық тұрған бағдарламаларды жауып,
дисплей мен компьютерді өшіреді.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді өшіріңіз:
Батареяны ауыстыру немесе компьютер ішіндегі бөліктерді қолдану қажет болғанда
USB портына қосылмаған сыртқы аппараттық құрылғыны қосқан кезде
Компьютер ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған немесе сыртқы қуат көзінен ажыратылған
кезде.
Компьютердің жұмысын
аяқтау үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту немесе ұйқы күйінде болғанда, жұмысты аяқтамас бұрын, күту
немесе ұйқы күйінен шығу қажет.
1. Жұмысыңызды сақтап, барлық ашық бағдарламаларды жабыңыз.
2. Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Завершить работу
(Жұмысты аяқтау) пəрмендерін таңдаңыз.
Компьютер жауап бермесе жəне жұмысты аяқтаудың алдыңғы процедурасын пайдалану мүмкін
болмаса, келесі төтенше жағдай процедураларын көрсетілген кезекпен орындап көріңіз:
Қуат түймешігін кемінде 5 секунд басып тұрыңыз.
Компьютерді сыртқы қуат көзінен ажыратып,
батареяны алып тастаңыз.
Қуат параметрлерін орнату
Қуатты үнемдеу күйлерін пайдалану
Компьютерде зауытта қосылған қуатты үнемдеудің екі күйі бар: Күту күйі жəне ұйқы күйі.
Күту күйі қосылғанда, қуат шамдары жыпылықтап, экран тазарады. Жұмыс жадқа сақталады
жəне ұйқы күйіне қарағанда күту күйінен жылдамырақ шығуға мүмкіндік береді. Компьютер ұзақ
мерзім үшін күту күйінде болғанда немесе күту режимі кезінде батарея өте төмен деңгейге
жеткенде, компьютер ұйқы
күйіне қосылады.
42 Бап 6 Қуатты басқару