HP Laptop User's Guide - Linux
Ұйқы күйі қосылғанда, жұмыс қатты дискідегі ұйқы күйінің файлына сақталады жəне компьютер
өшіріледі.
ЕСКЕРТУ: Аудио жəне видео файлдарын ойнатудың мүмкін нашарлауын, аудио немесе
бейне ойнату жұмысының жоғалуын немесе ақпараттың жоғалуын болдырмау үшін, дискіден не
сыртқы медиа картасынан оқу немесе оған жазу кезінде күту немесе ұйқы күйін қоспаңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанда, желіге қосылудың кез
келген түрін қосуды немесе компьютердің кез келген функцияларын орындай алмайсыз.
Күту режимін қосу жəне одан шығу
Жүйенің зауыттық параметрлері бойынша күту режимі батареяда немесе сыртқы қуат көзінде
болған құрылғының біраз уақыт ішінде əрекетсіз тұрғанда басталады.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление
питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып күту режимін қосуға
болады:
●
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
●
Дисплейді жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Оны батарея қуатымен жұмыс істеп тұрған компьютерде орындауға болады.
● Компьютер > Завершение работы (Жұмыстың аяқталуы) > Ждущий режим (Күту
режимі) пəрмендерін таңдаңыз.
●
Тапсырмалар тақтасының оң жағында орналасқан Питание (Қуат) белгішесін нұқып,
Ждущий режим (Күту режимі) пəрменін таңдаңыз.
Күту режимінен шығу үшін
▲
Қуат түймешігін жылдам басыңыз.
Компьютер күту режимінен шыққанда электр қуатының шамы жанып, экранда жұмысыңыздың
тоқтаған жері көрсетіледі.
Ұйқы күйін қосу жəне одан шығу
Жүйе зауытта не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін, не
болмаса батареяның заряды тым төмен деңгейге жеткенде ұйқы күйіне қосылатын етіп
орнатылған.
Қуат параметрлері мен үзілістерін Центр управления (Басқару орталығындағы) Управление
питанием (Қуатты басқару) мəзірі арқылы өзгертуге болады.
Қуат параметрлерін орнату 43