HP Laptop User's Guide - Linux

Батареяны салу жəне шығарып алу
Батареяны салу үшін:
Батареяны (1) батарея ұясына нық орналасқанша (2) салыңыз.
Батареяны босату ысырмалары батареяны оның орнына автоматты түрде
орналастырады.
Батареяны шығарып алу үшін
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді амалдық жүйе
арқылы өшіріп тастаңыз.
1. Батареяны шығарып алу үшін, батареяны босату ысырмаларын (1) сырғытыңыз.
ЕСКЕРІМ: Батареяны босату ысырмаларын бір уақытта немесе бірінен соң бірін
жылжытуға болады.
46 Бап 6 Қуатты басқару