HP Laptop User's Guide - Linux

2. Батареяны жоғарыға сырғытып (2), батарея ұясынан (3) шығарып алыңыз.
Батареяны зарядтау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда компьютер батареясын зарядтамаңыз.
Батарея компьютер сыртқы ток көзіне айнымалы ток адаптері немесе қосымша қуат адаптері
арқылы жалғанған кездегі барлық жағдайда зарядталады.
Компьютер өшірілген болса да не қолданыста болса да батарея зарядталады, бірақ компьютер
өшірілген кезде ол тез зарядталады.
Батарея жаңа болғанда, 2 немесе одан да көп апта бойына қолданылмағанда немесе бөлме
температурасынан жылырақ не салқынырақ болғанда,
зарядталу ұзағырақ уақыт алуы мүмкін.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту жəне батарея заряды дисплейлерінің нақтылығын
оңтайландыру үшін осы ұсыныстарды орындаңыз:
Жаңа батареяны зарядтаған кезде, компьютерді қоспас бұрын оны толық зарядтаңыз.
ЕСКЕРІМ: Батарея зарядталып жатқан кезде компьютер қосылып тұрса, хабарландыру
аймағындағы батарея көрсеткіші батарея толық зарядталып болғанға дейін толық
зарядталғанын көрсетуі мүмкін.
Зарядтамастан бұрын қалыпты қолданыста батареяның толық зарядтың 5 пайызынан
төмен таусылуына мүмкіндік беріңіз.
Батарея бір немесе одан да көп ай бойына қолданылмаса, оны қарапайым зарядтаудың
орнына батареяны тексеріңіз.
Батарея қуатын пайдалану 47