HP Laptop User's Guide - Linux
Батареяны сақтау
ЕСКЕРТУ: Батареяны зақымдамау үшін оны ұзақ уақыт бойы жоғары температурада
сақтамаңыз.
Компьютер екі аптадан артық пайдаланылмайтын жəне сыртқы қуат көзіне жалғанбайтын
болса, батареяны шығарып алып, оны бөлек сақтаңыз.
Сақталатын батареяның зарядын ұзақ уақыт бойы сақтау үшін оны салқын, құрғақ жерге
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Сақталған батареяны əрбір 6 ай сайын тексеру қажет. Егер сыйымдылығы 50
пайыздан төмен болса, қайта сақтаудан бұрын батареяны қайта зарядтаңыз.
Батарея бір немесе бірнеше ай сақталған болса, оны пайдаланбастан бұрын, тексеріңіз.
Қолданылған батареяны тастау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Өрт шығу немесе күйік алу қаупін азайту үшін батареяны бөлшектеп
алуға, бұзуға немесе тесуге болмайды; батареяның сыртқы түйіспелерін тұйықтамаңыз,
батареяны отқа немесе суға тастамаңыз.
Батареяларды қоқысқа тастау туралы ақпарат алу үшін Заңдық, кауіпсіздік жəне қоршаған
орта ескертулерін қараңыз.
Батареяны ауыстыру
Қуатты басқару параметрлеріне, компьютерде іске қосылған бағдарламаларға, дисплей
жарықтығына, компьютерге жалғанған сыртқы құрылғыларға жəне басқа да факторларға
байланысты компьютер батареясының қызмет ету мерзімі əртүрлі болады.
Батарея туралы толық ақпаратты тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру
аймағында орналасқан тапсырмалар тақтасының оң жағындағы хабарландыру аймағында
орналасқан Аккумулятор (Батарея) белгішесін, одан кейін Аккумулятор ноутбука (Ноутбук
батареясы) параметрін
нұқу арқылы табасыз.
ЕСКЕРІМ: Қажет болғанда батарея қуатын пайдалануға мүмкіндік жасау үшін HP компаниясы
батарея сыйымдылығының көрсеткіші жасыл-сары түсті болып жанған уақытта, жаңа
батареяны сатып алуды ұсынады.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану
ЕСКЕРІМ: Айнымалы ток көзіне қосылу туралы қосымша ақпаратты қораптың ішіндегі
Орнату нұсқаулары постерінен қараңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты мақұлданған айнымалы ток адаптері немесе қосымша жалғау, не
кеңейту құрылғысы арқылы қамтамасыз етіледі.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Мүмкін сақтық шараларына қатысты мəселелерді болдырмау үшін,
компьютермен қамтамасыз етілетін айнымалы ток адаптерін, HP қамтамасыз ететін
ауыстырғыш айнымалы ток адаптерін немесе HP компаниясынан сатып алынған айнымалы ток
адаптерін ғана пайдаланыңыз.
Төмендегі жағдайлардың кез келгенінде компьютерді сыртқы айнымалы ток қуатына қосыңыз:
50 Бап 6 Қуатты басқару