HP Laptop User's Guide - Linux

АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ұшақ бортында болғанда батареяны зарядтамаңыз.
Батареяны зарядтағанда немесе тексергенде
Жүйелік бағдарламалық құралды орнатқанда немесе өзгерткенде
Ақпаратты ықшам дискіге немесе DVD дискісіне жазу кезінде
Компьютерді сыртқы айнымалы токқа қосқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Батарея зарядтала бастайды.
Егер компьютер қосылып тұрса, хабарландыру аймағындағы Батарея белгішесінің көрінісі
өзгереді.
Компьютерді сыртқы айнымалы токтан ажыратқанда, төмендегі жағдайлар туындайды:
Компьютер батарея қуатына көшеді
.
Батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін, дисплей жарықтығы автоматты түрде
азаяды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру
Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток
адаптерін тексеріңіз:
Компьютер қосылмайды.
Дисплей қосылмайды.
Қуат шамдары жанбайды.
Айнымалы ток адаптерін тексеру:
1. Компьютерді сөндіріңіз.
2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз.
3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз.
4. Компьютерді қосыңыз.
Қуат шамдары жанса, айнымалы ток
адаптері дұрыс жұмыс істейді.
Егер қуат шамдары сөніп тұрса, айнымалы ток адаптері жұмыс істемейді жəне оны
ауыстыру қажет.
Айнымалы токтың қуат адаптерін ауыстыруды орындау туралы ақпарат алу үшін техникалық
қолдау орталығымен байланысыңыз.
Сыртқы айнымалы ток қуаты көзін пайдалану 51