HP Laptop User's Guide - Linux
7 Дискілер
Дискілер ұстау
ЕСКЕРТУ: Дискілер компьютердің əлсіз бөліктері жəне оларды абайлап ұстау қажет. Диск
жетектерін ұстамас бұрын келесі ескертулерді қараңыз. Қосымша ескертулер олар
қолданылатын үрдістерде қамтылған.
Мына сақтық шараларын орындаңыз:
●
Сыртқы қатты дискіге қосылған компьютерді қозғамас бұрын, күту режимін қосып,
экранның өшірілуіне мүмкіндік беріңіз немесе сыртқы қатты дискіні дұрыс ажыратыңыз.
●
Дискіні қолданбас бұрын оның боялмаған метал бетiне саусағыңызды тигізу арқылы
статикалық электр қуатын төмендетіңіз.
●
Алынатын дискжетегіндегі немесе компьютердегі қосқыш істікшелерді ұстамаңыз.
●
Дискіні абайлап ұстаңыз,
дискіні түсірмеңіз немесе оған басқа заттарды қоймаңыз.
●
Дискіні шығарып алмастан немесе салмастан бұрын компьютерді өшіріңіз. Компьютердің
өшірулі, күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанын білмеген жағдайда, компьютерді
қосып, амалдық жүйе арқылы өшіріңіз.
●
Дискіні дискжетегінің ұясына салған кезде шамадан тыс күш қолданбаңыз.
●
Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз
немесе компьютерді
жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
●
Батарея жалғыз қуат көзі болса, ақпарат құралдарына жазбастан бұрын, зарядының
жеткілікті екенін тексеріңіз.
●
Дискжетегін температура жоғары немесе ылғал жерде сақтамаңыз.
●
Дискжетегін сұйықтық бар жерде сақтамаңыз. Дискжетегіне тазарту заттарын шашпаңыз.
●
Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен
қыдырғанда немесе дискжетегін сақтағанда,
медиа құралын шығарып алыңыз.
●
Дискжетегін поштамен жөнелту қажет болғанда, диск жетегін мөлдір пошта бумасына
немесе басқа сəйкес қорғаныс бумасына салыңыз жəне бумаға "FRAGILE" (Сынғыш)
белгісін жапсырыңыз.
●
Дискінің магниттік өрістердің əсеріне ұшырамауын қадағалаңыз. Магниттік өрісі бар
қауіпсіздік құрылғылары əуежайдағы тексеруден өту құрылғылар мен қауіпсіздік
бағандарында болады. Жолаушылар жүктерін тексеруге арналған əуежайлардағы
конвейерлік жолдар жəне
соған ұқсас қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына
рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді.
52 Бап 7 Дискілер