HP Laptop User's Guide - Linux
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану
Қызмет көрсетуге арналған есікті компьютер астына бекіту үшін, қосымша қауіпсіздік
бұрандасын пайдаланыңыз. Пайдаланылмаған кезде қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясында
сақтауға болады.
Қауіпсіздік бұрандасын пайдалану үшін
1. Батареяны шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Компьютердің жалғыз қуат көзі болып табылатын батареяны шығарып алу
ақпараттың жоғалуын тудыруы мүмкін. Ақпараттың жоғалмауын қамтамасыз ету үшін,
батареяны шығарып алмастан бұрын, ұйқы күйін қосыңыз немесе компьютерді амалдық
жүйе арқылы өшіріп тастаңыз.
2. Қауіпсіздік бұрандасын батарея ұясынан алып (1), қызмет көрсетуге арналған есікті
орнына бекіту үшін, бұранданы қақпаққа енгізіңіз (2).
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне орнына
салу
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жұмысыңызды сақтаңыз да, жад модулін немесе қатты дискіні қоспас немесе ауыстырмас
бұрын компьютерді өшіріңіз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
Қосымша қауіпсіздік бұрандасын пайдалану 53