HP Laptop User's Guide - Linux
6. Компьютерді жоғары қаратып, айнымалы ток қуатын жəне сыртқы құрылғыларды оған
қайта жалғаңыз.
7. Компьютерді қосыңыз.
Оптикалық дискілерді пайдалану (тек таңдаулы
үлгілерде)
Орнатылған оптикалық жинақтағыш дискіні анықтау
▲
Компьютер (Компьютер) > Приложения (Қосымша қолданбалар) тармақтарын таңдаңыз,
одан кейін сол жақ аймақтағы Audio & Video (Аудио жəне бейне) пəрменін таңдаңыз.
Компьютеріңізде орнатылған оптикалық дискіні қоса барлық құрылғылар көрсетіледі.
Оптикалық дискіні салу
Диск науасы
1. Компьютерді қосыңыз.
2. Диск салғышты ашу үшін, диск салғыш беткі тақтасында орналасқан шығарып алу
түймешігін (1) басыңыз.
3. Диск салғышты (2) ашыңыз.
4. Дискінің тегіс беттерін ұстамау үшін, оның жиектерінен ұстап, диск белгісі жоғары
қарайтындай диск салғыш білігіне орналастырыңыз.
ЕСКЕРІМ: Диск салғыш толығымен қолданыста болмаса, дискіні біліктің үстіне абайлап
орналастырыңыз.
5. Диск (3) орнына түскенше оны диск салғыштың білігінде төмен жайлап басыңыз.
6. Диск салғышты жабыңыз.
60 Бап 7 Дискілер