HP Laptop User's Guide - Linux
8 Сыртқы карталар жəне құрылғылар
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын
пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Қосымша сандық карталар деректерді қауіпсіз сақтауға жəне оларды ыңғайлы түрде ортақ
пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл карталар əдетте сандық медиамен жабдықталған
камераларда, қалта компьютерлерінде жəне басқа да компьютерлерде қолданылады.
Компьютерде қай сандық карта пішімдері қолданылатынын анықтау үшін
Компьютермен
танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
Сандық картаны енгізу
ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны
күштеп енгізбеңіз.
1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып
ұстаңыз.
2. Картаны медиа картаны оқу құрылғысына енгізіңіз жəне ол нық отырғанша картаны ішіне
итеріңіз.
Медиа картаны оқу құрылғысының карталарын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)63