HP Laptop User's Guide - Linux

USB құрылғысын пайдалану
Əмбебап сериалды шина (USB) USB пернетақтасы, тінтуір, драйвер, принтер, сканер немесе
концентратор сияқты қосымша сыртқы құрылғыны қосуға қолданылатын жабдықтың
интерфейсі болып табылады. Құрылғылар жүйеге жалғануы мүмкін.
Кейбір USB құрылғылары əдетте құрылғымен қоса берілетін қосымша қолдау бағдарламалық
құралын қажет етуі мүмкін. Құрылғыға арналған бағдарламалық құрал туралы қосымша
ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Компьютерде USB 1.0, 1.1, 2.0 немесе 3.0 құрылғыларымен жұмыс істейтін кем
дегенде 1 USB
порты бар. Сонымен қатар, сыртқы құрылғыға қуат беретін USB зарядтау порты
компьютеріңізде болуы мүмкін. Қосымша USB қондыру құрылғысы немесе USB концентраторы
компьютермен пайдалануға болатын қосымша USB порттарымен қамтамасыз етеді.
USB құрылғысын жалғау
ЕСКЕРТУ: USB қосқышын зақымдамау үшін, USB құрылғысын күштеп жалғамаңыз.
USB құрылғысын компьютерге жалғау үшін, құрылғының USB кабелін USB портына
қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: USB жад құрылғысы қосылған кезде жүйенің құрылғыны танытқанын көрсету үшін
хабарландыру аймағында хабарлама көрсетілуі мүмкін.
USB құрылғысын пайдалану 65