HP Laptop User's Guide - Linux

9 Жад модульдері
Компьютерде бір жад модуль бөлімі бар. Бос болған ұяға жад модулін қосу немесе бастапқы
ұядағы жад модулін жаңарту арқылы компьютердің жад көлемін арттыруға болады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Ток ұру немесе жабдықтың зақымдалу қатерін азайту үшін, қуат сымын
ажыратып, жад модулін орнатпас бұрын, барлық батареяларды шығарып алыңыз.
ЕСКЕРТУ: Электростатикалық ток соғу (ESD) электроникалық бөліктерді зақымдауы мүмкін.
Қандай да бір іс ретін бастамастан бұрын, жерге орнатылған нысанды түрту арқылы
бойыңызда тұрақты электр тогының жоқтығын тексеріңіз.
ЕСКЕРІМ: Екінші жад модулін қосқанда, қос арна конфигурациясын пайдалану үшін, екі жад
модулінің бірдей екенін тексеріңіз.
Жад модулін ауыстыру үшін
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін
Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз.
Компьютер қосулы тұрғанда, күту режимінде немесе ұйқы күйінде болғанда, жад модулін
шығарып алмаңыз.
Егер компьютер сөндірулі немесе ұйқы күйінде екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін
басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз.
1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз.
2. Компьютерге жалғанған айнымалы ток пен сыртқы құрылғыларды ажыратыңыз.
3. Компьютерді тегіс жерге төңкеріп қойыңыз.
4. Батареяны алып тастаңыз. (
Батареяны салу жəне шығарып алу 46-бетте бөлімін қараңыз.)
5. Қызмет көрсетуге арналған есікті алыңыз. (
Қызмет көрсетуге арналған есікті шешу жəне
орнына салу 53-бетте бөлімін қараңыз.)
6. Жад модулін ауыстыратын болсаңыз, бар жад модулін ажыратыңыз:
а. Жад модулінің екі бүйіріндегі ұстап тұратын қысқыштарды тартып шешіңіз (1).
Жад модулінің бұрыштарын жоғары қаратыңыз.
ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана
ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз жəне жад модулін қисайтпаңыз.
68 Бап 9 Жад модульдері