HP Laptop User's Guide - Linux

10 Қауіпсіздік
Компьютерді қорғау
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік шешімдері қорғаныс шаралары ретінде əрекет ету үшін жасалады, бірақ
олар бағдарламалық құрал шабуылдарынан немесе компьютерге күтімсіз қарау не оны
ұрланудан қорғамайды.
Компьютермен бірге жеткізілетін қауіпсіздік мүмкіндіктері компьютер, жеке ақпарат пен
деректерді түрлі қауіп-қатерлерден қорғайды. Қажет қауіпсіздік шаралары компьютер
қолданылатын əдіске байланысты болады.
Амалдық жүйенің бірқатар қауіпсіздік мүмкіндіктері бар. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің
тізімі төмендегі кестеде беріледі. Қосымша қауіпсіздік мүмкіндіктерінің көбінің параметрлері
Computer Setup утилитасы арқылы реттеледі.
Келесілерден қорғау Бұл қауіпсіздік мүмкіндігін пайдалану
Компьютерді рұқсатсыз қолдану Құпия сөздерді пайдалану арқылы қосылу
аутентификациясы
Computer Setup (f10) утилитасына рұқсатсыз кіру Computer Setup утилитасындағы BIOS əкімші құпия сөзі*
Қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіру Computer Setup құралындағы DriveLock құпия сөзі*
Оптикалық диск, дискет жетегі немесе ішкі желілік
адаптерден рұқсатсыз бастау
Computer Setup құралындағы жүктеу параметрлері
мүмкіндігі*
Деректерге рұқсатсыз кіру
Қалқан бағдарламалық құралы
Амалдық жүйені жаңарту
Computer Setup параметрлеріне
жəне басқа жүйені
анықтау ақпаратына рұқсатсыз кіру
Computer Setup құралындағы BIOS əкімші құпия сөзі*
Компьютердің орнын рұқсатсыз ауыстыру Қауіпсіздік кабелінің ұясы (қосымша қауіпсіздік кабелімен
бірге қолданылады)
*Computer Setup утилитасына кіру үшін компьютер қосылғанда немесе қайта басталғанда f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup құралын пайдалану кезінде жылжу жəне таңдау жасау үшін компьютердегі пернелерді басу қажет.
Компьютерді қорғау 71