HP Laptop User's Guide - Linux
Құпиясөздерді пайдалану
Құпия сөз — компьютер ақпаратын қорғау үшін таңдалатын таңбалардың тобы. Ақпаратқа
кіруді басқарудың жолына байланысты құпия сөздердің бірнеше түрлері орнатылуы мүмкін.
Құпия сөзді компьютерде алдын ала орнатылған Computer Setup утилитасында орнатуға
болады.
●
Орнату құпия сөзі жəне DriveLock құпия сөзі Computer Setup утилитасында орнатылады.
Олар жүйенің BIOS бағдарламасы арқылы басқарылады.
●
Computer Setup утилитасында орнатылған DriveLock пайдаланушы құпия сөзі мен
DriveLock басты құпия
сөзінің екеуін ұмытып қалсаңыз, бұл құпия сөздер арқылы қорғалған
қатты диск мүлде құлыпталады жəне оны пайдалану мүмкін емес.
Құпия сөздерді жасау жəне сақтау үшін төмендегі кеңестерді пайдаланыңыз:
●
Құпия сөздерді жасаған кезде, бағдарлама арқылы орнатылған талаптарды орындаңыз.
●
Құпия сөздерді жазып алып, оларды компьютерден алыс қауіпсіз жерге сақтаңыз.
●
Құпиясөздерді компьютердегі файлда сақтамаңыз
.
Əдетте қолданылатын құпия сөздер тізімі келесі кестелерде беріледі жəне олардың
функциялары сипатталады.
Амалдық жүйеде құпия сөздерді орнату
Амалдық жүйедегі құпия сөздер Қызмет
Бастапқы құпия сөз Амалдық жүйенің бастапқы деңгейдегі есептік жазбасына
кіруді қорғайды.
Пайдаланушы құпиясөзі Амалдық жүйенің пайдаланушы есептік жазбасына кіруді
қорғайды.
Computer Setup құралында құпия сөздерді орнату
Computer Setup құпия сөздері Қызмет
BIOS əкімші құпия сөзі* Computer Setup құралына кіруді қорғайды.
DriveLock басты құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды. Сонымен қатар, ол DriveLock қорғанысын
алуға қолданылады. Бұл құпия сөз DriveLock құпия
сөздерін іске қосу кезінде орнатылады.
DriveLock пайдаланушы құпия сөзі* DriveLock арқылы қорғалатын ішкі қатты дискіге кіруді
қорғайды жəне бұл құпия сөз DriveLock құпия сөздерін
іске қосу кезінде
орнатылады.
TPM енгізілген қауіпсіздік құпия сөзі (тек таңдаулы
үлгілерде)
BIOS əкімші құпия сөзі ретінде қосылған кезде, бұл құпия
сөз түрі қосылатын, басталатын немесе ұйқы күйінен
шығатын компьютердегі мазмұнды қорғайды.
Бұл қауіпсіздік мүмкіндігін қолдау мақсатымен бұл құпия
сөз үшін қосымша енгізілген қауіпсіздік чипі қажет.
*Осы құпия сөздердің əрбірі туралы толық ақпаратты келесі бөлімдерден қараңыз
.
72 Бап 10 Қауіпсіздік