HP Laptop User's Guide - Linux

BIOS əкімші құпия сөзін басқару
Осы құпия сөзді орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Computer Setup утилитасын компьютерді қосу немесе қайта бастау арқылы ашыңыз.
Экранның төменгі сол бұрышында «Press the ESC key for Startup Menu» (Қосылу мəзірін
ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз. Іске
қосу мəзірі көрсетіліп тұрған кезде, f10 пернесін басыңыз.
2. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің
көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
Setup BIOS Administrator password (BIOS əкімші құпия сөзін орнату) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін орнату үшін, құпия сөзіңізді Enter New Password (Жаңа құпия
сөзді енгізу) жəне Confirm New Password (Жаңа құпия сөзді растау) жолақтарына
енгізіп, enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін өзгерту үшін, ағымдағы құпия сөзді Enter Current Password
(Ағымдағы құпия сөзді
енгізіңіз) өрісіне енгізіп, жаңа құпия сөзді Enter New Password
(Жаңа құпия сөзді енгізіңіз) жəне Confirm New Password (Жаңа құпия сөзді растаңыз)
өрістеріне енгізіп, enter пернесін басыңыз.
BIOS əкімші құпия сөзін жою үшін, ағымдағы құпия сөзді Enter Password (Құпия сөзді
енгізіңіз) өрісінде теріп, enter пернесін 4 рет басыңыз.
3. Енгізілген өзгертулерді сақтау жəне Computer Setup утилитасынан шығу үшін, көрсеткі
пернелерді пайдаланып
, Exit (Шығу) > Exit Saving Changes (Өзгертулерді сақтап шығу)
пəрмендерін таңдаңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
BIOS əкімші құпия сөзін енгізу
Enter password (Құпия сөзді енгізіңіз) сұрауына əкімші құпия сөзін теріп, enter пернесін
басыңыз. Əкімші құпия сөзін енгізудің 3 сəтсіз əрекетінен кейін компьютерді қайта іске қосып,
əрекетті қайта орындау қажет.
Құпиясөздерді пайдалану 73