HP Laptop User's Guide - Linux
Computer Setup DriveLock құпия сөзін басқару
ЕСКЕРТУ: DriveLock арқылы қорғалған қатты дискінің қолданыстан мүлдем шықпауын
қамтамасыз ету үшін, DriveLock пайдаланушы құпия сөзін жəне DriveLock басты құпия сөзін
жазып алыңыз жəне компьютерден алыс əрі қауіпсіз жерде сақтаңыз. DriveLock құпия
сөздерінің екеуін ұмытып қалсаңыз, қатты диск мүлде құлыпталады жəне оны пайдалану
мүмкін емес.
DriveLock қорғау мүмкіндігі қатты диск мазмұнына рұқсатсыз кіруден қорғайды. DriveLock
мүмкіндігін компьютердегі ішкі қатты дискі(лер)ге ғана қолдануға болады. DriveLock мүмкіндігі
қатты дискіге қолданылғаннан кейін, дискіге кіру үшін құпия сөзді енгізу қажет. Дискіге DriveLock
құпия сөздері арқылы кіру үшін, дискіні компьютерге немесе жақсартылған порт репликаторына
енгізу қажет.
DriveLock қорғау мүмкіндігін ішкі қатты дискіге қолдану үшін
, Computer Setup бағдарламасында
пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді орнату керек. DriveLock қорғау мүмкіндігін
пайдалану кезінде келесі ақпаратты ескеріңіз:
●
DriveLock қорғау мүмкіндігі ішкі қатты дискіге қолданылғаннан кейін, қатты дискіге кіру үшін
пайдаланушы құпия сөзін жəне басты құпия сөзді енгізу қажет.
●
Пайдаланушы құпия сөзінің иесі қорғалған қатты дискінің күн сайынғы пайдаланушысы
болғаны жөн. Басты құпия
сөздің иесі жүйе əкімшісі немесе компьютердің күн сайынғы
пайдаланушысы болуы мүмкін.
●
Пайдаланушы құпия сөзі мен басты құпия сөз бірдей бола алады.
●
Пайдаланушы құпия сөзін немесе басты құпия сөзді DriveLock қорғау мүмкіндігін қатты
дискіден алып тастау арқылы жоюға болады. DriveLock қорғау мүмкіндігін қатты дискіден
басты құпия сөзбен бірге ғана жоюға болады.
DriveLock құпия сөзін басқару
Computer Setup утилитасында DriveLock құпия сөзін орнату, өзгерту немесе жою үшін төменде
берілген қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз жəне экранның төменгі жағында «Press the ESC key for Startup
Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз) хабары көрсетіліп тұрғанда, esc
пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрылғының немесе көрсеткі пернелердің көмегімен Security (Қауіпсіздік) >
DriveLock Password (DriveLock құпия сөзі) тармақтарын
таңдаңыз, содан кейін экрандағы
нұсқауларды орындаңыз.
4. Таңдалған дискіге DriveLock қорғау мүмкіндігінің қолданылуын растау үшін, DriveLock
сөзін растау өрісінде теріңіз, содан кейін enter пернесін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: DriveLock қорғау мүмкіндігін растау кезінде регистрді ескеру қажет.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде күшіне енеді.
74 Бап 10 Қауіпсіздік