HP Laptop User's Guide - Linux
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату
ЕСКЕРІМ: Қауіпсіздік кабелі сақтандырғыш құрал ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
компьютерге күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғай алмауы мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Компьютердегі қауіпсіздік кабелінің ұясы мен осы бөлімдегі суретте көрсетілген
кабель ұясы əртүрлі болуы мүмкін. Компьютердегі қауіпсіздік кабелі ұясының орналасқан орнын
анықтау үшін
Компьютермен танысу 4-бетте бөлімін қараңыз.
1. Қауіпсіздік кабелімен қауіпсізденетін нысанды айналдыра ораңыз.
2. Кілтін (1) кабель құлпына (2) салыңыз.
3. Кабель құлпын компьютердегі қауіпсіздік кабеліне салып (3), кілтпен кабель құлпын
құлыптаңыз.
4. Құлыпты шығарып алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Саусақ ізін оқу құрылғысын пайдалану (тек қана
таңдаулы үлгілерде)
Кірістірілген саусақ ізін оқу құрылғысы тек таңдаулы үлгілерде қолжетімді болады. Саусақ ізін
оқу құрылғысын пайдалану үшін, компьютерде пайдаланушының есептік жазбасы мен құпия
сөзді орнату керек. Бұл есептік жазба арқылы анықталған саусағыңызбен компьютерге тигізіп,
жүйеге кіруге болады.
Жүйеге кіру барысында саусақ іздері бойынша аутентификацияны
қосу
Жүйеге кіру барысында саусақ іздері бойынша аутентификацияны қосу үшін
1. Компьютер > YaST тармақтарын таңдаңыз.
2. Түбірлік құпия сөзді енгізіп, Продолжить (Жалғастыру) түймешігін басыңыз.
Қосымша қауіпсіздік кабелін орнату 77