HP Laptop User's Guide - Linux
3. Сол жақ аймақта Оборудование (Жабдық) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта
Устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу құрылғысы) тармағын
таңдаңыз.
4. Использовать устройство считывания отпечатков пальцев (Саусақ ізін оқу
құрылғысын пайдалану) құсбелгісін қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Саусағыңыздың ізін тіркеу үшін, пайдаланушыларды басқару утилитасын ашу
қажет. Осы утилитаны есептік жазбаны орнату тілқатысу терезесінен бастау үшін, После
завершения запустить управление пользователями (Аяқтағаннан кейін
пайдаланушыларды басқару утилитасын бастау) құсбелгісін қойыңыз.
Саусақ ізін тіркеу
Егер саусақ ізі пайдаланушылық есептік жазбаны орнату кезінде саусағыңыздың ізі тіркелмеген
болса, саусақ ізі параметрлерін өзгерту үшін пайдаланушыларды басқару утилитасын ашыңыз.
Пайдаланушыларды басқару утилитасын ашып, саусақ ізін тіркеу үшін мына əрекеттерді
орындаңыз:
1. Компьютер > YaST тармақтарын таңдаңыз.
2. Түбірлік құпия сөзді енгізіп, Продолжить (Жалғастыру) түймешігін басыңыз.
3. Сол жақ аймақта Безопасность и
пользователи (Қауіпсіздік жəне пайдаланушылар)
тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Управление пользователями и группами
(Пайдаланушылар жəне топтар басқару) тармағын таңдаңыз.
4. Өзгерткіңіз келген есептік жазбаны таңдаңыз жəне Изменить (Өзгерту) пəрменін
таңдаңыз.
5. Плагины (Қосымша модульдер) қойыншасында Настройка отпечатка пальца
пользователя (Пайдаланушының саусақ ізін орнату) пəрменін, одан кейін Запустить (Іске
қосу) пəрменін таңдаңыз.
6. Саусақ
ізін тіркеу үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Саусақ ізі тіркелгеннен кейін компьютерді қосу кезінде құпия сөзді енгізудің орнына
компьютердің құлыптауын ашу немесе күту режимінен не ұйқы күйінен шығу үшін
саусағыңызды саусақ ізін оқу құрылғысына тигізіңіз.
78 Бап 10 Қауіпсіздік