HP Laptop User's Guide - Linux
11 Сақтық көшірме жасау жəне қалпына
келтіру
Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме
бірдей нəтиже береді. Жаңа бағдарлама жəне деректер файлдары қосылғаннан кейін ең соңғы
сақтық көшірменің жасалуын қамтамасыз ету үшін жүйенің сақтық көшірмесінің жүйелі түрде
жасалып отыруын жалғастыру қажет.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру
Recovery (Қалпына келтіру) құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне келтіруге
мүмкіндік береді. Орнатылған немесе қосымша DVD±RW оптикалық диск жетегін пайдалану
арқылы НР зауыттық кескінін қалпына келтіруге арналған дискіні жасауға болады. Компьютерді
қатты дискідегі НР арнаулы қалпына келтіру бөлімінен де зауыттық күйіне келтіре аласыз.
ЕСКЕРТУ: Recovery (Қалпына келтіру) құралы қатты дискідегі мазмұнды толығымен жояды
да, қатты дискіні қайта пішімдейді. Жасалған барлық файлдар жəне компьютерде орнатылған
барлық бағдарламалар біржолата жойылады. Recovery (Қалпына келтіру) құралы бастапқыда
орнатылған амалдық жүйені, НР бағдарламаларын жəне зауытта орнатылған драйверлерді
қайта орнатады. НР компаниясы арқылы орнатылмаған бағдарламалар, драйверлер мен
жаңартулар қолмен қайта орнатылуы тиіс. Жеке файлдар
сақтық көшірмеден қалпына
келтірілуі тиіс.
Компьютерді НР зауыттық кескінін қалпына келтіруге арналған DVD дискісі арқылы қалпына
келтіру үшін, алдымен қалпына келтіру дискісін жасау қажет. Қалпына келтіру дискісін жасау
үшін, төмендегі əрекеттерді орындаңыз:
ЕСКЕРІМ: НР компаниясы НР зауыттық кескінін қалпына келтіруге арналған DVD дискісін
жүйе қатесі орын алған жағдайда жасауды ұсынады.
1. Компьютер > Приложения (Қосымша қолданбалар) пəрмендерін таңдаңыз.
2. Сол жақ аймақта Средства (Құралдар) тармағын, одан кейін оң жақ аймақта Создать DVD
диск для восстановления заводского образа НР (НР зауыттық кескінін қалпына
келтіруге арналған DVD дискісі) тармағын таңдаңыз.
3. Қалпына келтіру дискісіне жазуға кескін файлын жасау үшін экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
Жүйені қалпына келтіруді жүзеге асыру 79