HP Laptop User's Guide - Linux

Computer Setup пайдалану
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау
Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдау үшін мына əрекеттер орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
Мəзірді немесе мəзір пəрменін таңдау үшін, tab пернесін жəне пернетақтаның көрсеткі
пернелерін пайдаланыңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз немесе
пəрменді
таңдау үшін меңзегіш құрылғыны пайдаланыңыз.
Жоғары не төмен жылжу үшін, экранның жоғары оң жақ бұрышындағы жоғары не
төмен көрсеткілерді нұқыңыз немесе жоғары не төмен көрсеткі пернелерін басыңыз.
Ашық тұрған тілқатысу терезесін жабу жəне басты Computer Setup экранына оралу
үшін, esc пернесін басыңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
ЕСКЕРІМ: Computer Setup утилитасында жылжу жəне таңдауды жасау үшін, (сенсорлы
тақта, меңзегіш таяқша не USB тінтуірі сияқты) меңзегіш құрылғыны немесе пернетақтаны
пайдаланыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, төмендегі əдістердің біреуін пайдаланыңыз:
Өзгертулерді сақтамай, Computer Setup утилитасынан шығу үшін, экранның төменгі сол
жақ бұрышында орналасқан Exit (Шығу) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Ignore Changes and Exit
(Өзгертулерді елемеу жəне шығу) пəрменін таңдаңыз, одан
кейін enter пернесін басыңыз.
немесе
Өзгертулерді сақтап, Computer Setup мəзірлерінен шығу үшін, экранның төменгі сол жақ
бұрышында орналасқан Save (Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды
орындаңыз.
немесе
tab пернесінің жəне көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit
(Өзгертулерді сақтап шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған кезде
күшіне енеді.
Computer Setup пайдалану 83