HP Laptop User's Guide - Linux

Computer Setup утилитасында зауыттық параметрлерді қалпына
келтіру
ЕСКЕРІМ: Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру қатты диск режимін өзгертпейді.
Computer Setup ішіндегі бүкіл параметрлерді зауыттық мəндеріне қайтару үшін, төмендегі
қадамдарды орындаңыз:
1. Компьютерді қосыңыз немесе өшіріп, қайта іске қосыңыз жəне экранның төменгі жағында
«Press the ESC key for Startup Menu» (Бастау мəзірін ашу үшін ESC пернесін басыңыз)
хабары көрсетіліп тұрғанда, esc пернесін басыңыз.
2. Computer Setup утилитасына кіру үшін f10 пернесін басыңыз.
3. Меңзегіш құрал немесе көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Restore Defaults
(Əдепкі параметрлерді қалпына келтіру) тармақтарын таңдаңыз.
4. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
5. Өзгертулерді сақтап шығу үшін, экранның төменгі сол жақ бұрышында орналасқан Save
(Сақтау) белгішесін басып, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
немесе
Көрсеткі пернелердің көмегімен File (Файл) > Save Changes and Exit (Өзгертулерді сақтап
шығу) пəрменін таңдаңыз, одан кейін enter пернесін басыңыз.
Өзгертулер компьютер қайта іске қосылған
кезде күшіне енеді.
ЕСКЕРІМ: Құпия сөз, қауіпсіздік жəне тіл параметрлері зауыттың əдепкі параметрлерін
сақтағанда өзгертілмейді.
BIOS нұсқасын жаңарту
BIOS жүйесінің жаңартылған нұсқалары HP веб-торабында болуы мүмкін.
BIOS жүйесінің жаңарту файлдарының көбі HP веб-торабында SoftPaq деп аталатын қысылған
файлдарына салынған.
Кейбір жүктелетін бумалардың құрамында файлды орнату жəне ақаулықтарды жою туралы
ақпаратты қамтитын Readme.txt файлы бар.
84 Бап 12 Computer Setup (BIOS) жəне Advanced System Diagnostics