HP Laptop User's Guide - Linux
Жүктеу ретін өзгерту
Жүктеу ретін өзгертпес бұрын мына ақпаратты есіңізде сақтаңыз:
●
Жүктеу реті өзгертілгеннен кейін компьютер қайта басталған кезде, жаңа жүктеу реті
пайдаланылады.
●
Жүктеу құрылғыларының бірнеше түрі қолданылса, компьютер жүктеу құрылғыларының əр
түрінің бірінші құрылғысынан (оптикалық құрылғылардан басқа) жүктеледі. Мысалы, егер
компьютер қатты дискісі бар қосымша қондыру құрылғысына (тек таңдаулы үлгілерде)
жалғанған болса, бұл
қатты диск жүктеу реті тізімінде USB қатты дискісі атымен
көрсетілетін болады. Егер амалдық жүйе бұл USB қатты дискісінен жүктеу əрекетін жасап,
оны сəтсіз орындаса, жүйе қатты диск ұясындағы қатты дискіден жүктеу əрекетін қайта
жасамайды. Оның орнына, жүйе жүктеу реті тізіміндегі келесі құрылғы түрінен жүктеу
əрекетін жасайды. Алайда, егер екі оптикалық құрылғы бар болса жəне
бірінші оптикалық
құрылғы жүктелмесе (онда медиа болмаса немесе медиа жүктеу дискісі болмаса), жүйе
екінші оптикалық құрылғыдан жүктеу əрекетін жасайды.
●
Жүктеу ретін өзгерту қатты логикалық диск арнаулы орындарын да өзгертеді. Мысалы,
егер С дискісі атымен пішімделген диск салынған CD-ROM диск жетегінен жүктеуді
бастасаңыз, бұл CD-ROM диск жетегі С дискісі болып аталатын болады жəне қатты диск
ұясындағы қатты диск D дискісі атына ие болады.
●
Егер NIC құрылғысы Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасының Built-In Device
Options (Кірістірілген құрылғы мүмкіндіктері) мəзірінде қосылған болса жəне жүктеу
Computer Setup (Компьютерді орнату) утилитасының Boot Options (Жүктеу мүмкіндіктері)
мəзірінде қосылған болса, компьютер бұл құрылғыдан жүктелетін болады. NIC
құрылғысына жүктеу логикалық диск арнаулы орындарын өзгертпейді, себебі NIC
құрылғысымен байланысты диск əрпі жоқ.
●
Қосымша қондыру құрылғысындағы (
тек таңдаулы үлгілерде) диск жетектері жүктеу реті
тізіміндегі сыртқы USB құрылғылары сияқты əрекет етеді.
Жүктеу ретін өзгерту 89