Пайдаланушы нұсқаулығы
© Copyright 2012 Hewlett-Packard Development Company, L.P. Bluetooth өз меншік иесінің сауда белгісі болып табылады жəне оны HewlettPackard компаниясы лицензия бойынша пайдаланады. Intel — Intel корпорациясының АҚШ-тағы жəне басқа елдердегі сауда белгісі. Microsoft жəне Windows — Microsoft корпорациясының АҚШ-тағы тіркелген сауда белгілері. SD Logo — өз меншік иесінің сауда белгісі. Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.
Қауіпсіздік туралы ескерту хабары АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Қызып кетумен байланысты зақымдарды немесе компьютердің қатты қызып кету жағдайын азайту үшін компьютерді тізеңізге қоймаңыз немесе компьютердің ауа желдеткішін бітемеңіз. Компьютерді тек қатты, тегіс беттің үстіне қойып пайдаланыңыз. Қасында тұрған қосымша принтер сияқты қатты беттің немесе жастық, кілем немесе мата сияқты жұмсақ беттің ауа ағынын бөгеуіне жол бермеңіз.
iv Қауіпсіздік туралы ескерту хабары
Maзмұны 1 Қосылғанда жанатын шам ........................................................................................................................... 1 Ең жақсы тəжірибе .............................................................................................................................. 1 Қызықты əрекеттер ............................................................................................................................. 2 Қосымша HP ресурстары .....................................
WLAN жүйесін қорғау ...................................................................................... 22 WLAN желісіне қосылу .................................................................................... 23 Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) ...................... 24 Сымды желіге қосылу ....................................................................................................................... 25 Жергілікті желіге (LAN) қосылу ............................
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану .............................................................. 46 6 Қуат басқару ................................................................................................................................................. 47 Ұйқылық немесе күту күйін қосу ...................................................................................................... 48 Intel Rapid Start Technology (Intel жылдам іске қосу технологиясы, тек таңдаулы үлгілерде) ..........
Мəліметтер мен диск жетектерін ортақ пайдалану жəне бағдарламалық құралдарға қатынау ......................................................................................................... 68 8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету ............................................................................................. 70 Компьютер жұмысын жақсарту ........................................................................................................ 70 Дискілер ұстау ...............................
BIOS нұсқасын анықтау ................................................................................................... 88 BIOS жаңартуын жүктеп алу ........................................................................................... 88 System Diagnostics пайдалану ......................................................................................................... 89 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру ........................................
x
1 Қосылғанда жанатын шам Бұл компьютер жұмыс істеуді жəне көңіл көтеруді жақсартуға арналған қуатты құрал болып табылады. Компьютердің мүмкіндіктерін барынша пайдалану мақсатында орнату жасағаннан кейін орындауға болатын ең жақсы амалдар, компьютермен жасауға болатын қызықты əрекеттер жəне қосымша HP ресурстарын алуға болатын орындар туралы білу үшін, осы бөлімді мұқият оқып шығыңыз.
Қызықты əрекеттер 2 ● Компьютерден YouTube бейнелерін көруге болатынын білесіз. Ал, компьютерді теледидарға немесе ойын консоліне жалғауға болатынын білесіз бе? Қосымша ақпаратты HDMI құрылғысын жалғау 31-бетте бөлімінен қараңыз. ● Сондай-ақ, компьютерден музыка тыңдауға болатынын білесіз. Ал компьютерге тікелей эфирдегі радионы орнатып, бүкіл əлемдегі радио арналарының музыкасы мен бағдарламаларын тыңдай алатыныңызды білесіз бе? Дыбысты пайдалану 28-бетте бөлімін қараңыз.
Қосымша HP ресурстары Компьютерді іске қосып, осы нұсқаулықты табу үшін, Параметрлерді орнату нұсқаулары бөлімін пайдаландыңыз. Өнім туралы егжей-тегжейлі мəліметтер, əдістер, т.б. туралы ақпарат алу үшін, осы кестені көріңіз. Ресурстар Мазмұны Орнату нұсқаулары ● Компьютердің параметрлерін орнатуға жəне мүмкіндіктеріне жалпы шолу. Windows 8 Негіздері нұсқаулығы ● Windows® 8 пайдалану жəне шарлау туралы шолу.
Ресурстар Мазмұны Шектеулі кепілдік* ● Осы компьютерге қатысты арнайы кепілдік мəліметтері. Нұсқаулыққа қол жеткізу үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау жөнінде көмекші) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Компьютерім) пəрменін, одан кейін Гарантия и услуги (Кепілдік жəне қызметтер) пəрмендерін таңдаңыз немесе http://www.hp.com/go/ orderdocuments веб-торабына өтіңіз.
2 Компьютермен танысу Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу Аппараттық құралды табу Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін: 1. Бастау экранында п əрпін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын таңдаңыз. 2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз жəне жүйе аймағында Диспетчер устройств (Құрылғы реттеушісі) пəрменін басыңыз. Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімі көрсетіледі.
Оң жағы Бөлік Сипаттама (1) Оптикалық диск жетегі Оптикалық дискіні (тек таңдаулы үлгілерде) оқиды жəне жазады. (2) Оптикалық диск жетегінің шамы ● Жасыл: оптикалық жинақтағыш диск ашылуда. ● Өшірулі: оптикалық диск жетегі əрекетсіз тұр. (3) Оптикалық жинақтағыш дискіні шығару түймешігі Диск науасын шығарады. (4) Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ жарықпен жыпылықтап тұрғанда: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған.
Бөлік (7) Сипаттама USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды. ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 62-бетте бөлімінен қараңыз. (8) Айнымалы ток адаптерінің шамы ● Ақ: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядтаулы. ● Сары: айнымалы ток адаптері қосылған, батарея зарядталуда. ● Өшірулі: компьютер тұрақты ток арқылы жұмыс істеуде. (9) Қуат қосқышы Айнымалы ток адаптерін қосады.
Сол жағы Бөлік (1) Сипаттама Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай. (2) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Артқы жағынан көрініс Бөлік Сипаттама Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Дисплей Бөлік Сипаттама (1) WLAN антенналары (2)* Сымсыз жергілікті желілермен (WLANs) байланыста болу үшін сымсыз байланыс сигналдарын жібереді жəне қабылдайды. (2) Ішкі микрофондар (2) Дыбысты жазу. (3) HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейне ағыны мүмкіндігімен бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне бейне конференциялары мен желіде əңгімелесу сеанстарын ұйымдастыруға болады. Веб-камераны пайдалану үшін, бастау экранында c əрпін теріп, CyberLink YouCam белгішесін таңдаңыз.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі Сенсорлы тақта Бөлік Сипаттама (1) Сенсорлы тақта қосу/өшіру түймешігі Сенсорлы тақта қосады немесе өшіреді. (2) Сенсорлы тақта шамы ● Қосулы: Сенсорлы тақта өшірулі. ● Өшірулі: Сенсорлы тақта қосулы болғанда өшірулі болады. (3) Сенсорлы тақта аймағы Экрандық меңзерді жылжытады жəне экрандағы элементтерді таңдайды немесе іске қосады. (4) Сол жақтағы Сенсорлы тақта түймешігі Сыртқы тінтуірдің сол жақ түймешігі сияқты жұмыс істейді.
Шамдар Бөлік (1) Сипаттама Қуат шамы ● Ақ: компьютер қосулы. ● Ақ түсте жыпылықтау: қуатты үнемдеу режимі болып табылатын «Ұйқы күйі» қосылған. Компьютер дисплейдің жəне басқа да қажет емес құрамдас бөліктердің қуатын өшіреді. ● Өшірулі: компьютер өшірулі немесе күту күйінде. Күту күйі — ең аз мөлшерде қуат тұтынатын қуатты үнемдеу режимі. ЕСКЕРІМ: Таңдаулы үлгілерде, Intel® Rapid Start Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі зауытта қосылады.
Түймешіктер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы Бөлік (1) Сипаттама Қуат түймешігі ● Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу үшін түймешікті басыңыз. ● Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз. ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған ақпараттар жойылып кетеді. Компьютер жауап бермесе жəне Microsoft® Windows® жүйесін өшіру процедуралары нəтиже бермесе, компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5 секунд басып тұрыңыз.
Бөлік 14 Сипаттама (2) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (3) Саусақ ізін оқу құрылғысы Құпия сөз арқылы кірудің орнына, Windows жүйесіне саусақ ізі арқылы кіруге мүмкіндік береді.
Пернелер Бөлік Сипаттама (1) esc пернесі fn пернесімен бірге басылған кезде жүйе ақпараты көрсетіледі. (2) fn пернесі b, бос орын немесе esc пернелерімен бірге басылғанда, жиі пайдаланылатын жүйелік функцияларды орындайды. (3) Windows логотипті перне Жұмыс үстелін немесе бастау экранын көрсетеді. (4) b пернесі fn пернесімен бірге басылған Beats Audio құралын қосады/өшіреді. Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс функциясы.
Бөлік (7) Сипаттама num lock пернесі Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады. Сыртқы пернетақтаның стандартты сан функциясы (зауытта таңдалған) мен жылжу функциясын (пернелердегі бағыттау көрсеткілерімен белгіленген) ауыстырып қосу үшін осы пернені басыңыз. ЕСКЕРІМ: Компьютер өшірілгенде белсенді болып тұрған пернетақта функциясы компьютер қайта қосылғанда қалпына келеді.
Астыңғы жағы Бөлік Сипаттама (1) Батарея ұясы Батареяны ұстап тұрады. (2) Батареяны шығару ысырмасы Батареяны орнынан босатады жəне қызмет көрсету есігін ашады. (3) Желдеткіштер (3) Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қамтамасыз етеді. ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы – қалыпты жағдай.
Бөлік Сипаттама (4) Кірістірілген сабвуфер Жоғары сапалы бас дыбысын шығарады. (5) Қатты диск ұясы, сымсыз желі бөлімі жəне жад модулі бөлімі Қызмет көрсету есігі қатты диск ұясына, сымсыз желі бөліміне жəне жад модулі бөліміне қол жеткізуге мүмкіндік береді. ЕСКЕРТУ: Жүйенің жауап бермеуін болдырмау үшін, сымсыз модульді тек еліңіздегі немесе аймағыңыздағы сымсыз құрылғыларды реттеуші үкіметтік агенттік компьютерде қолдануға рұқсат еткен сымсыз модульдермен ауыстырыңыз.
Жапсырмалар Компьютерге жапсырылған жапсырмалар жүйе ақаулықтарын жойғанда немесе компьютер алып шетелге саяхатқа шыққанда қажет болуы мүмкін. Жапсырмалар оңай қол жеткізуге болатын жерлерде орналасқан. ● Қызметтік жапсырма маңызды ақпарат береді, соның ішінде: Бөлік (1) Өнім атауы (2) Сериялық нөмір (3) Өнім нөмірі (4) Кепілдік күшінің мерзімі (5) Модель сипаттамасы Бұл ақпарат қолдау қызметіне хабарласқанда қол жетімді болуы қажет. Қызмет көрсету жапсырмасы батарея ұясында орналасады.
3 Желіге қосылу Осы компьютермен кез келген жерге саяхаттауға болады. Алайда, компьютер мен сымсыз не сымды желі байланысын пайдаланып үйде отырып та дүние жүзін шарлап, миллиондаған вебтораптардың ақпараттарына қол жеткізуге болады. Осы тараудағы ақпарат əлеммен байланысуға көмектеседі. Сымсыз желіге қосылу Сымсыз технология деректерді сым арқылы емес, радио толқындары арқылы тасымалдайды.
құрылғылардың барлығы зауытта қосылады, сондықтан, компьютер қосылғанда, сымсыз байланыс шамы (ақ) жанып тұрады. Сымсыз байланыс шамы жеке құрылғылардың емес, сымсыз құрылғылардың жалпы қуат күйін анықтайды. Сымсыз байланыс шамының түсі ақ болса, кемінде бір сымсыз құрылғы қосулы. Сымсыз байланыс шамының түсі өшірулі болса, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі. ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде, барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз байланыс шамы сары түсті болады.
жолжоспарлағышты модемге қосу үшін желі кабелін орнатуға жəне Интернет қызметін тексеруге көмектеседі. ЕСКЕРІМ: Интернет провайдері Интернетке кіру үшін пайдаланушы идентификаторы мен құпия сөзді береді. Берілген мəліметтерді жазып алыңыз да, қауіпсіз жерде сақтаңыз.
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық шараларын қолданыңыз: ● Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз. Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін де біріктіріп пайдаланады.
Bluetooth сымсыз құрылғыларын пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде) Bluetooth құрылғысы əдетте мына электрондық құрылғыларды байланыстыратын физикалық кабель қосылымдарын ауыстыратын қысқа ауқымды сымсыз байланыстарды қамтамасыз етеді.
Сымды желіге қосылу Сымды байланыс орнатудың 2 түрі бар: жергілікті желі (LAN) жəне модем арқылы қосу. LAN байланысы желі кабелін пайдаланады жəне телефон кабелін пайдаланатын модем арқылы қосылыстан жылдамдығы жоғарырақ. Кабельдің екі түрі де бөлек сатылады. АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Электр тогының соғуы, өрт шығуы немесе жабдыққа зиян келтіру қатерінен аулақ болу үшін, модем кабелін немесе телефон кабелін RJ-45 (желі) ұясына жалғамаңыз.
4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану Веб-камера арқылы байланысу, музыканы тыңдау жəне басқару, бейнефильмдерді жүктеу жəне көру амалдарын орындау үшін HP компьютерін көңіл көтеру орталығы ретінде пайдаланыңыз. Компьютеріңізді бұдан да қуатты көңіл көтеру орталығына айналдыру үшін, үндеткіштер, гарнитура, монитор, проектор, теледидар жəне таңдаулы үлгілерге жоғары ажыратымдылықты құрылғыларды жалғаңыз. Төменде осы компьютердің бірнеше көңіл көтеру мүмкіндіктері көрсетілген.
Бөлік (2) Сипаттама HP TrueVision ажыратымдылығы жоғары веб-камерасы Бейне ағыны мүмкіндігімен бейнелер жазуға, фотосуреттер түсіруге жəне бейне конференциялары мен желіде əңгімелесу сеанстарын ұйымдастыруға болады. Веб-камераны пайдалану үшін, бастау экранында c əрпін теріп, CyberLink YouCam белгішесін таңдаңыз. (3) Веб-камера шамы Қосулы: веб-камера қолданылуда. (4) Үндеткіштер (2) Дыбыс шығарады. (5) USB 2.0 порты Қосымша USB құрылғысын жалғайды.
Бөлік Сипаттама (13) HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын қосады. (14) Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
Микрофонды қосу Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз. Beats Audio мүмкіндігін пайдалану Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін жетілдірілген дыбыс функциясы. Beats Audio басқару тақтасын ашу Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен басқара аласыз.
Бейнені пайдалану Бұл HP компьютері таңдаулы веб-тораптардағы таратылатын бейнені көруге жəне желіге қосылмай-ақ компьютерден тамашалау үшін бейнелер мен фильмдерді жүктеп алуға мүмкіндік беретін қуатты бейне құрылғысы болып табылады. Көруге байланысты əрекеттеріңізді жақсарту мақсатында компьютерді сыртқы монитор, проектор немесе теледидарға қосу үшін, бейне порттардың бірін пайдаланыңыз. Компьютерлердің көбінде аналогтық бейне құрылғыларын қосуға мүмкіндік беретін VGA порты болады.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, «Кеңейту» параметрін таңдасаңыз. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Тамаша нəтижелер алу үшін Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу) параметрін таңдаңыз.
Дыбыс параметрлерін реттеу (HDMI теледидар арқылы) HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады: 1. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы Динамик (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз. 2.
5 Сенсорлы тақтаның қимылдары, меңзегіш құрылғылар жəне пернетақта арқылы шарлау Бұл компьютер пернетақта мен тінтуірге қоса сенсорлы тақтаның қимылдарын (таңдаулы үлгілерде ғана) пайдалану арқылы экранда оңай жылжу мүмкіндігін береді. Қимылдар компьютердің сенсорлы тақтасында немесе сенсорлы экранда (тек таңдаулы үлгілерде) орындалады. ЕСКЕРІМ: Компьютердегі USB порттарының біреуіне жалғау арқылы сыртқы USB тінтуірін (бөлек сатылады) пайдалана аласыз.
Сенсорлы тақтаны қолдану Сенсорлы тақта компьютерде саусақтар көмегімен шарлауға мүмкіндік береді. Параметрлер, түймешік конфигурациялары, басу жылдамдығы мен меңзер параметрлерін өзгерту арқылы сенсорлы тақтаның қимылдарын қалауыңыз бойынша реттей аласыз. Приложения (Бағдарламалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранында п əрпін жазыңыз. Панель управления (Басқару тақтасы), одан кейін Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) пəрмендерін таңдаңыз.
Сенсорлы тақта қимылдарын пайдалану Сенсорлы тақта меңзегіш құрылғыны экранда саусақтар арқылы басқаруға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Сенсорлы тақтаның сол жəне оң жақ түймешіктері сыртқы тінтуірдің сəйкес түймешіктері сияқты пайдаланылады. ЕСКЕРІМ: бермейді. Сенсорлы тақта қимылдарына қолданбалардың барлығында қолдау көрсетіле Əрбір қимылдың көрсетілімін көру үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз: 1. Приложения (Бағдарламалар) тізімін көрсету үшін, бастау экранында п əрпін жазыңыз.
Жылжу Жылжу қимылы бетте немесе суретте жоғары, төмен қарай немесе көлденең жылжу кезінде қажет əрекет. ● 36 Екі саусақты сенсорлы тақта аймағына арасын алшақ қойып, одан кейін оларды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай жылжытыңыз.
Шымшу/масштабтау Шымшу жəне масштабтау қимылдары суреттерді немесе мəтінді кішірейтуге не үлкейтуге мүмкіндік береді. ● Ірілеу үшін, екі саусақты сенсорлы тақтада қысып ұстаңыз, одан кейін саусақтарды жанжаққа жылжытыңыз. ● Кішірейту үшін, екі саусақты сенсорлы тақтаға арасын алшақ қойып, одан кейін олардың арасын жақындатыңыз.
Айналдыру (тек таңдаулы үлгілерде) Айналдыру мүмкіндігі фотосурет сияқты элементтерді бұруға мүмкіндік береді. ● Нысанға меңзеңіз жəне сол сұқ саусақты сенсорлы тақта аймағында тіреңіз. Оң сұқ саусақты сағат тілімен 90 градус жүргізіңіз. Кері айналдыру үшін, сұқ саусағыңызды сағат тіліне қарсы 90 градус жүргізіңіз. ЕСКЕРІМ: Айналдыру қимылы нысан немесе кескінді жылжытуға болатын арнайы бағдарламаларға арналған. Айналдыру қимылы барлық бағдарламаларда жұмыс істемеуі мүмкін.
Сызу мүмкіндігі (тек таңдаулы үлгілерде) Сызу экрандарда жылжуға немесе құжаттарды жылдам қарап шығуға мүмкіндік береді. ● Үш саусақты сенсорлы тақта аймағына қойып, саусақтарыңызды жоғары, төмен, сол немесе оң жаққа қарай баяу жылжытыңыз.
Жиектерді сипау Жиектерді сипау қимылдары параметрлер өзгерту жəне бағдарламаларды табу немесе пайдалану сияқты əрекеттерді орындауға мүмкіндік береді. Оң жақ жиекті сипау Оң жақ жиекті сипау қимылы шебер түймелерді көрсетеді. Бұл түймелер іздеу, ортақ пайдалану, бағдарламаларды бастау, құрылғыларға қатынау немесе параметрлерді өзгерту сияқты тапсырмаларды орындайды. ● 40 Шебер түймелерді көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
Үстіңгі жиекті сипау Үстіңгі жиекті сипау қимылы бастау экранында қол жетімді бағдарламаларды ашуға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Бағдарлама ашық кезде, үстіңгі жиекті сипау қимылы бағдарламаға байланысты əртүрлі болады. ● Қол жетімді бағдарламаларды көрсету үшін саусағыңызды оң жақ жиектен сырғытыңыз.
Сол жақ жиекті сипау Сол жақ жиекті сипау арқылы ашық бағдарламалар тізімін көрсетіп, оларға жылдам ауыса аласыз. ● 42 Бағдарламалар арасында ауысу үшін сенсорлы тақтаның сол жақ жиегінен саусағыңызды сырғытыңыз.
Пернетақтаны жəне тінтуірді пайдалану Пернетақта жəне тінтуір теруге, элементтерді таңдауға, айналдыруға жəне сенсорлы экрандағы қимылдар сияқты бірдей функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, пернетақта арнайы функцияларды орындау мақсатымен əрекет пернелері мен жылдам пернелерді пайдалануға мүмкіндік береді. КЕҢЕС: Пернетақтадағы Windows логотипті перне ашық болған бағдарламадан немесе жұмыс үстелінен бастау экранына жылдам қайтуға мүмкіндік береді.
Белгіше Перне Сипаттама f4 Жүйеге қосылған дисплейлердің арасында экран суретін ауыстырып көрсетеді. Мысалы, егер монитор компьютерге қосылған болса, осы перне басылғаннан кейін экран кескіні компьютер дисплейінен монитор дисплейіне ауыстырылып, компьютер мен монитордың екеуінде көрсетіледі. Сыртқы мониторлардың басым бөлігі компьютерден бейне ақпаратын сыртқы VGA бейне стандарты арқылы қабылдайды.
Пернеле р тіркесімі Перне Сипаттама + р Жұмыс үстелін ашады. + tab Ашық болған бағдарламалар арасында ауысады. ЕСКЕРІМ: Бұл пернелер тіркесімін қажет бағдарлама ашылғанша басып тұрыңыз. alt + f4 Ашық болған бағдарламаны жабады. Пернелер тіркесімдерін пайдалану Функциялық перне – fn пернесі мен esc пернесінің, b пернесі немесе бос орын пернелерінің тіркесімі. Пернелер тіркесімін пайдалану: ▲ fn пернесін басып қалып, пернелер тіркесімінің екінші пернесін басып қалыңыз.
Кірістірілген сандық пернетақтаны пайдалану Компьютерде кірістірілген сандық пернетақта болады, сондай-ақ компьютермен қосымша сыртқы сандық пернетақтаны немесе сандық пернетақтасы бар қосымша сыртқы пернетақтаны да қолдануға болады. Бөлік num lock пернесі Сипаттама Кірістірілген сан пернетақтасының жұмысын басқарады.
6 Қуат басқару Бұл компьютер батарея қуатымен немесе сыртқы қуат көзіне қосу арқылы жұмыс істейді. Егер компьютер батарея қуатымен жұмыс істейтін болса жəне батареяны зарядтау үшін оны АТ қуат көзіне жалғау мүмкін болмаса, батарея зарядын бақылау жəне үнемдеу өте маңызды. Қуат үнемделіп тұрған компьютер жұмысын реттеу мақсатымен компьютердің қуат пайдалану жəне үнемдеу жолын басқару үшін компьютерде қуат жоспарлары қолданылады.
Ұйқылық немесе күту күйін қосу Microsoft® Windows жүйесінде қуат үнемдеуге арналған ұйқылық күй жəне күту күйі бар. ● Ұйқылық – ұйқылық күй не батарея қуатымен, не сыртқы қуатпен істеп тұрғанда бос тұрғаннан кейін автоматты қосылады. Жұмысыңыз жадқа сақталады жəне ұйқылық күйден шығу жылдам іске асырылады. Сонымен қатар, ұйқылық күйді қолмен қоса аласыз. Қосымша ақпаратты Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу 49-бетте бөлімінен қараңыз.
Ұйқылық күйді қосу жəне одан шығу Компьютер қосулы болғанда келесі жолдардың кез келгенін қолданып ұйқылық күйді қосуға болады: ● Дисплейді жабыңыз. ● Бастау экранының жоғарғы немесе төменгі оң жақ бұрышына меңзеңіз. Шебер түймелердің тізімі ашылғаннан кейін, Параметры (Параметрлер) тармағын таңдап, Питание (Қуат) белгішесін басыңыз жəне Спящий (Ұйқылық) пəрменін таңдаңыз. Ұйқылық күйден шығу үшін ● Қуат түймешігін тез басып қалыңыз. ● Егер экран сөніп тұрса, оны қосыңыз.
Оянған кезде сұралатын құпиясөзбен қорғау Компьютер ұйқылық немесе күту күйінен шыққанда, компьютерде құпия сөз сұралуын орнату үшін, осы қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында питание (қуат) деп теріп, Параметры (Параметрлер) пəрменінен кейін Параметры питания (Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз. 2. Оборудование и звук (Аппараттық құрал жəне дыбыс) пəрменін, одан кейін Параметры электропитания (Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз. 3.
Қуат көрсеткішін жəне қуат параметрлерін қолдану Қуат көрсеткіші жұмыс үстелінде орналасқан. Қуат көрсеткіші қуат параметрлеріне жылдам кіруге жəне қалған батарея зарядын көруге мүмкіндік береді. ● Батарея зарядының қалған деңгейін жəне ағымдағы қуат жоспарын жұмыс үстелінде көру үшін, меңзерді қуат көрсеткіші белгішесінің үстінен жүргізіңіз. ● Қуат параметрлерін пайдалану немесе қуат жоспарын өзгерту үшін, қуат көрсеткіші белгішесін басып, тізімнен бір тармақты таңдаңыз.
Қуат жоспарын таңдау Қуат жоспары компьютердің қуатты үнемдеу жолын басқарады, сондай-ақ қуат үнемдеуге жəне компьютер жұмысын арттыруға көмектеседі. Қуат жоспарын өзгерту үшін, бастау экранында питание (қуат) деп теріп, Параметры (Параметрлер) пəрменінен кейін Параметры питания (Қуат параметрлері) пəрменін таңдаңыз. Мына қуат жоспарлары бар: ● НР компаниясы ұсынатын (ұсынылған). Үйлесімді жабдықта өнімділікті арттыру мен қуатты тұтыну мүмкіндіктерін автоматты түрде теңестіреді. ● Қуат үнемдегіші.
Батареяның қуатымен жұмыс істеу Зарядталған батарея компьютерде болғанда жəне компьютер сыртқы қуатқа жалғанбаған кезде, компьютер батарея қуатында жұмыс істейді. Зарядталған батарея компьютерге орнатылған кезде жəне АТ адаптері компьютерден ажыратылған кезде, компьютер автоматты түрде батарея қуатына ауысады жəне батареяның қызмет ету мерзімін сақтау үшін дисплей жарықтығы төмендейді. Компьютер өшірілгенде жəне сыртқы қуаттан ажыратылғанда компьютердегі батарея жайлап таусылады.
Батарея ақпаратын табу Батареяның күйін бақылау үшін немесе батареяның заряды тез бітетін болса, HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) ішінде Battery Check (Батарея тексеру) бағдарламасын іске қосыңыз. Батарея туралы ақпаратты көру үшін бастау экранында HP Support Assistant (НР қолдау көмекшісі) бағдарламасын басыңыз жəне Battery and performance (Батарея жəне өнімділік) пəрменін таңдаңыз.
Өте төмен батарея деңгейі кезінде компьютер төмендегі əрекеттерді орындайды: ● Күту күйі ажыратылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда, компьютер қысқа уақытқа ұйқы күйіне өтеді жəне одан кейін өшеді. Барлық сақталмаған ақпарат жоғалады. ● Күту күйі қосылған кезде жəне компьютер қосулы немесе ұйқылық күйде тұрғанда, компьютерде күту күйі іске қосылады. Төмен батарея деңгейі мəселесін шешу Сыртқы қуат қолданылғанда төмен батарея деңгейін шешу ● Айнымалы ток адаптерін қосыңыз.
(Компьютерім) пəрменін, одан кейін User guides (Пайдаланушы нұсқаулықтары) пəрмендерін таңдаңыз. Пайдаланушы арқылы ауыстырылатын батареяны ауыстыру Ішкі бөлім дұрыс зарядталмаған кезде немесе батарея сыйымдылығы «əлсіз» жағдайға жеткенде, Анықтама жəне қолдау орталығында батареяны тексеру құралы батареяны ауыстыру қажеттігін ескертеді. Батарея HP компаниясының кепілдігімен қамтамасыз етілген жағдайда, нұсқауларда кепілдік коды болады.
Қуат мəселелерін шешу Айнымалы ток қуат көзіне жалғанған компьютерде мына жағдайлар орын алса, айнымалы ток адаптерін тексеріңіз: ● Компьютер қосылмайды. ● Дисплей қосылмайды. ● Қуат шамдары жанбайды. Айнымалы ток адаптерін тексеру: 1. Компьютерді сөндіріңіз. 2. Компьютерден батареяны шығарып алыңыз. 3. Айнымалы ток адаптерін компьютерге жəне ауыспалы ток розеткасына жалғаңыз. 4. Компьютерді қосыңыз. ● Қуат шамдары жанса, айнымалы ток адаптері дұрыс істеп тұр.
HP CoolSense (тек таңдаулы үлгілерде) HP CoolSense компьютердің тұрақты бір орында тұрмағанын автоматты түрде анықтап, бет температурасын қажетті қолайлылық деңгейінде ұстап тұру үшін жұмыс пен желдеткіш параметрлерін реттей бастайды. HP CoolSense функциясы өшірулі кезде, компьютердің тұрақты орында тұрмағаны анықталмайды, жұмыс пен желдеткіш параметрлері зауыттық күйде сақталады. Нəтижеде, HP CoolSense арқылы реттелетін деңгеймен салыстырғанда компьютердің бет температурасы жоғары болуы мүмкін.
Intel Smart Connect технологиясы (тек таңдаулы үлгілерде) арқылы бағдарламалық құралдың мазмұнын жаңарту Компьютер ұйқылық күйде тұрған кезде, Intel® Smart Connect технологиясы компьютердің ұйқылық күйді тұрақты түрде өшіріп тұрады. Smart Connect көмегімен ашық тұрған бағдарламалардың кейбіреулерінің мазмұндарын жаңартып, ұйқылық күйді қайта қосады. Нəтижесінде, ұйқылық күйден шыққаннан соң жұмысыңызға бірден кірісуге болады. Жаңарту файлдары жүктелгенше күтіп отыру қажет емес.
Компьютерді өшіру (сөндіру) ЕСКЕРТУ: Компьютер өшірілген кезде сақталмаған мəліметтер жойылады. Компьютерді өшірмес бұрын жұмысыңыздың сақталғанына көз жеткізіңіз. Өшіру пəрмені барлық ашық бағдарламаларды жабады, сондай-ақ амалдық жүйені жəне дисплей мен компьютерді де өшіреді.
7 Ақпаратты басқару жəне бөлісу Диск жетектері – ақпаратты сақтауға, басқаруға, бөлісуге жəне қол жеткізуге мүмкіндік беретін сандық сақтау құрылғылары. Компьютердің ішінде компьютердің бағдарламалық құралдары, амалдық жүйесі сақталатын жəне жеке файлдарыңызды сақтауға мүмкіндік беретін қатты диск немесе қатты күйдегі диск бар.
USB құрылғысын пайдалану Компьютерлердің көбінде USB пернетақтасы, тінтуір, сыртқы диск жетегі, принтер, сканер немесе USB хабы сияқты сыртқы құрылғылардың бірнеше түрін қосуға қолданылатын жабдықтың интерфейсі болып табылатын бірнеше порт болады. Компьютерде USB портының бірнеше түрі бар. Осы компьютердегі USB порттарының түрлері туралы білу үшін, Компьютермен танысу 5-бетте бөлімін қараңыз. Компьютермен үйлесімді құрылғыларды сатып алу керек. Түрі Сипаттама USB 2.
USB құрылғысын ажырату ЕСКЕРТУ: USB қосқышының зақымдануын болдырмау үшін, USB құрылғысын ажырату мақсатында кабельден тартпаңыз. ЕСКЕРТУ: Ақпараттың жоғалуына немесе жүйенің сигнал қабылдамайтын күйге кіруіне жол бермеу мақсатында, USB құрылғысын қауіпсіз шығарып алу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз. 1. Мəліметтеріңізді сақтап, құрылғымен байланысты барлық бағдарламаларды жабыңыз. 2. Жұмыс үстелінде, хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан жабдық белгішесін басыңыз.
Қуат берілетін USB құрылғысын жалғау ЕСКЕРТУ: Токқа қосылған құрылғыны жалғағанда, жабдықтың зақымдану қатерін азайту үшін, құрылғының өшірілгенін жəне айнымалы ток қуат сымының ажыратылғанын тексеріңіз. 1. Құрылғыны компьютерге қосыңыз. 2. Құрылғының қуат сымын айнымалы ток розеткасына жалғаңыз. 3. Құрылғыны қосыңыз. Қуат көзіне қосылмаған сыртқы құрылғыны ажырату үшін, құрылғыны өшіріп, содан кейін оны компьютерден ажыратыңыз.
Сандық жад картасын салу жəне шығарып алу Сандық жад картасын салу үшін, келесі қадамдарды орындаңыз: ЕСКЕРТУ: Сандық карталар қосқышының зақымдану қатерін азайту үшін, сандық картаны күштеп енгізбеңіз. 1. Сандық картаның белгісі бар жағын жоғары, ал қосқыштарын компьютерге қаратып ұстаңыз. 2. Картаны сандық жад картасының ұясына басып мықтап кіргізіңіз. Құрылғы анықталғанда, дыбыс естіледі.
Оптикалық диск жетектерін пайдалану Көлемі үлкен деректерді оқу немесе сақтау үшін, оптикалық диск жетегі лазер шамын пайдаланады. Кейбір жетектер арқылы тек ақпаратты оқу мүмкін болады, ал кейбіреулерінде бос дискіге ақпаратты жазуға да болады. Оптикалық диск жетегінің жұмысын жақсарту үшін, келесі кеңестерді пайдаланыңыз. ● Батарея жалғыз қуат көзі болса, тасушыға жазбас бұрын зарядтың жеткілікті екенін тексеріңіз.
● Көшірме жасаудан қорғау мақсатында бұл компьютерге AACS (Жетілдірілген мазмұнды пайдалану жүйесі) кілттері орнатылған. Жаңа BD фильмдерінің шығарылымдары ойнатылуы үшін, AACS кілттерін жиі жаңартып тұру керек. Жетекке осындай BD фильмінің шығарылымы салынғанда, CyberLink PowerDVD бағдарламасы ойнатуды жалғастыру үшін жаңарту жасауды сұрайды. Экрандағы нұсқауларды орындап жаңартуды орнатыңыз. ● BD фильмдерін көргенде байқалатын жолақтар сымсыз желі кедергілерінен орын алған болуы мүмкін.
Оптикалық дискілерді шығарып алу 1. Диск салғышты шығару үшін, жетектің беткі тақтасындағы босату түймешігін (1) басып, салғышты (2) абайлап, толықтай тартып шығарыңыз. 2. Диск шеттерін ұстап тұрып, шпиндельді басу арқылы дискті (3) шығарыңыз. Дискті шетінен ұстаңыз жəне бетіне қолыңызды тигізбеңіз. ЕСКЕРІМ: Науа толық шықпаса, дискті шығару үшін, оны абайлап еңкейтіңіз. 3. Диск науасын жауып, дискті қабына салыңыз.
Жергілікті дискіңіздегі ақпаратты бірлесіп пайдалану үшін 1. Жұмыс үстелінде Проводник (Жетектеуші) бағдарламасын басыңыз. 2. Библиотеки (Кітапханалар) терезесінде Локальный диск (C:) (Жергілікті диск (C:)) белгішесін басыңыз. 3. Общий доступ (Ортақ пайдалану) қойыншасын таңдап, Дополнительный общий доступ (Қосымша ортақтасу) параметрін таңдаңыз. 4. Локальный диск (C:) Свойства (Жергілікті дисктің (C:) сипаттары) терезесінде Дополнительный общий доступ (Қосымша ортақтасу) параметрін таңдаңыз. 5.
8 Компьютерге техникалық қызмет көрсету Компьютерді оңтайлы күйде сақтау үшін, оған жүйелі түрде техникалық қызмет көрсету маңызды болып табылады. Бұл тарауда Disk Defragmenter (Диск дефрагментаторы) жəне Disk Cleanup (Дискіні тазалау) сияқты құралдарды пайдалану жəне қатты дискіні ауыстыру не жад қосу амалдарын орындау арқылы компьютер жұмысын жақсарту туралы ақпарат беріледі.
олар сияқты қауіпсіздік құрылғылары магниттік өрістің орнына рентген сəулелерін қолданады да, дискілерге зиян келтірмейді. ● Дискжетегін диск жетегінің ұясынан алмас бұрын немесе онымен саяхатқа, кемемен қыдырғанда немесе дискжетегін сақтағанда, медиа құралын шығарып алыңыз. ● Оптикалық диск жетегі дискіге жазып жатқанда, компьютердің пернетақтасын баспаңыз немесе компьютерді жылжытпаңыз. Жазу процесі тербелістерге сезімтал болады.
2. Есікті ұясынан сырғытып (2), шешіңіз (3). 3. Қатты диск кабелін (1) жүйелік тақтадан ажыратыңыз. 4. Қатты дискінің 2 бекіткішін (2) шығарып алыңыз. 5. Қатты диск жетегінің тілін (3) сол жаққа тартып, қатты диск ұясынан көтеріп шығарыңыз. ЕСКЕРІМ: Қатты дискіні компьютерден шығарғаннан кейін, қатты дискінің өзіне қол жеткізу үшін қатты дискінің жақтауын немесе қабын шешіп алу керек. 72 6. Қатты диск жақтауының 2 бұрандасын (1) шығарып алыңыз. 7. Қатты дискіден диск жақтауын (2) шешіп алыңыз.
8. Қатты диск кабелін (3) қатты дискіден ажыратыңыз. Қатты дискіні орнату үшін, осы процедураны керісінше орындаңыз. ЕСКЕРІМ: Екінші қатты дискіні орнату кезінде диск кабелін жалғаудың алдында оны кабель қысқыштарының астына жақсылап енгізіңіз. HP 3D DriveGuard бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану Төмендегі жағдайлардың біреуі орын алса, HP 3D DriveGuard бағдарламасы дискіні өшіру жəне дерек сұрауларын тоқтату арқылы қатты дискіні қорғайды. ● Сіз компьютеріңізді құлатып алдыңыз.
HP қатты дискіні кем дегенде айына бір рет дефрагментациялауды ұсынады. Дискіні дефрагментациялау құралының жұмысын айлық жоспарға орнатсаңыз болады, бірақ дефрагментациялауды кез келген уақытта қолмен жасауға да болады. Дискіні дефрагментациялау құралын іске қосу: 1. Компьютерді айнымалы ток көзіне қосыңыз. 2. Бастау экранында диск деп теріңіз. Настройки (Параметрлер), одан кейін Дефрагментация и оптимизация дисков (Дисктерді дефрагментациялау жəне оңтайландыру) пəрмендерін таңдаңыз. 3.
ЕСКЕРТУ: Мəліметтердің жоғалуын немесе жауапсыз жүйені болдырмау үшін Жад модульдерін қоспас немесе ауыстырмас бұрын компьютерді өшіруді ұмытпаңыз. Компьютер қосулы тұрғанда немесе ұйқылық күйде болған кезде, жад модулін шығарып алмаңыз. Егер компьютер сөндірулі екендігіне сенімді болмасаңыз, қуат түймешігін басып, компьютерді қосыңыз. Содан соң амалдық жүйе арқылы компьютерді өшіріңіз. 1. Жұмысыңызды сақтап, компьютерді өшіріңіз. 2. Компьютерге жалғанған сыртқы құрылғылардың барлығын ажыратыңыз. 3.
8. Жаңа жад модулін енгізу үшін ЕСКЕРТУ: Жад модулінің зақымдануын болдырмау үшін, оны жиектерінен ғана ұстаңыз. Жад модуліндегі бөліктерге тимеңіз. а. Жад модулінің ойықтары бар шетін жад модулі ұясының тіліне келтіріңіз (1). ə. Жад модулі бөлімінің бетінен 45 градус бұрыштағы жад модулімен модульді (2) жад модулінің ұясына орныққанша басыңыз. б. Жад модулінің (3) сол жəне оң жақ жиектеріне қысым бере отырып, жад модулін төмен қарай жайлап, ұстап тұратын қыстырғыштар орнына түскенше, басыңыз.
Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту НР компаниясы бағдарламалар мен драйверлерді жүйелі түрде соңғы нұсқалармен жаңартуды ұсынады. Жаңартулар мəселелерді шешіп, компьютерге жаңа мүмкіндіктер мен опциялар қосуы мүмкін. Технологиялар əрдайым жаңарып отырады, сондықтан, бағдарламалар мен дискілерді жаңарту компьютерге ең соңғы технологиялармен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Мысалы, ескі графикалық құрамдас бөліктер ең соңғы ойын ойнау бағдарламалық құралдарымен дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін.
Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау Компьютерді сапарға алып шығу немесе тасымалдау керек болса, құрылғыны қорғаудың кейбір кеңестерін осы жерден табасыз. ● Компьютерді саяхаттауға немесе тасымалдауға дайындау: ◦ Ақпараттың сақтық көшірмесін сыртқы дискіге жазыңыз. ◦ Компьютерден сандық сақтау карталары сияқты барлық дискілер мен сыртқы медиа карталарын шығарып алыңыз. ◦ Барлық сыртқы құрылғыларды өшіріп, ажыратыңыз.
бір құрылғыны қолдану бойынша саясатты нақты білмесеңіз, компьютерді іске қосудан бұрын рұқсат сұраңыз. ● Егер халықаралық сапарларға шығатын болсаңыз, мына ұсыныстарды орындаңыз: ◦ Өзіңіз баратын əр елдің/аймақтың компьютерге қатысты кедендік ережелерін тексеріңіз. ◦ Компьютерді қолдануды жоспарлайтын əрбір орындағы қуат сымы мен адаптері бойынша қойылатын талаптарды тексеріңіз. Кернеу, жиілік жəне қосу параметрлері əртүрлі болуы мүмкін.
9 Компьютер мен ақпаратты қорғау Компьютер қауіпсіздігі ақпараттың құпиялылығы, сенімділігі мен қолжетімділігін қорғау үшін өте маңызды. Windows амалдық жүйесі, HP бағдарламалары, Windows емес Setup Utility (BIOS) құралы жəне басқа үшінші тарап бағдарламалық құралдары қамтамасыз ететін стандартты қауіпсіздік шешімдері компьютерді вирустар, «құрттар» сияқты түрлі қауіп-қатерлерден жəне зиян келтіретін код түрлерінен қорғауға көмектесе алады.
● Құпиясөздерді кем дегенде үш ай сайын өзгерткен жөн. ● Əріптер, тыныс белгілері, таңбалар жəне сандары бар ұзын құпиясөз мінсіз болып табылады. ● Компьютерді қызмет көрсету орталығына жібермес бұрын, құпиялы файлдарды жəне құпиясөз параметрлерін жойыңыз. Экранды қорғағыш сияқты Windows құпиясөздері туралы қосымша ақпаратты алу үшін, бастау экранында с деп теріп, Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
Setup Utility (BIOS) құпия сөздерін орнату Құпиясөз Қызмет Əкімші құпия сөзі ● Оны Setup Utility (BIOS) құралына кірген сайын енгізу қажет. ● Əкімші құпия сөзін ұмытып қалған жағдайда, Setup Utility (BIOS) утилитасына кіру мүмкін болмайды. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін қосылғанда сұралатын құпиясөз орнына қолдануға болады. ЕСКЕРІМ: Əкімші құпиясөзін Windows жүйесіне орнатылған əкімші құпиясөзімен алмастыруға болмайды немесе ол орнатылған, енгізілген, өзгертілген немесе жойылған күйде көрсетіледі.
HP SimplePass бағдарламасын (тек таңдаулы үлгілерде) пайдалану HP SimplePass бағдарламалық құралы компьютерді қауіпсіздендіру жəне компьютер мен құпия сөзбен қорғалған веб-тораптарға оңай кіруге көмектесетін ыңғайлы интерфейс ұсынады.
Windows жүйесіне кіру үшін тіркелген саусақ ізін пайдалану Windows жүйесіне саусақ ізіңіз арқылы кіру үшін 1. Саусақ ізіңізді тіркегеннен кейін Windows жүйесін қайта бастаңыз. 2. Windows жүйесіне кіру үшін, тіркелген кез келген саусақты сырғытыңыз.
үшінші тарап бағдарламалық құралдарын үнемі жаңартып жүріңіз. Қосымша ақпаратты Бағдарламалар мен драйверлерді жаңарту 77-бетте бөлімінен қараңыз. Windows жаңартуларын орнату Амалдық жүйе үшін жаңартулар жəне басқа бағдарламалық құрал компьютер зауыттан жіберілгеннен кейін қол жетімді болуы мүмкін. Microsoft маңызды жаңартулардың бар екені туралы ескертеді.
Қосымша қауіпсіз кабель құлпын пайдалану Бөлек сатылатын қауіпсіздік кабель құлпы қорғау құралы ретінде əрекет ету үшін жасалған, бірақ ол компьютердің қате қолданылуынан немесе ұрлануынан қорғамайды. Қауіпсіздік кабель құлпы ұрланудан қорғауға көмектесетін күрделі қауіпсіздік шешімінің бір бөлігі ретінде қолданылуы мүмкін бірнеше əдістердің біреуі ғана болып табылады. Компьютердің қауіпсіздік кабелі ұясы осы бөлімдегі суреттегіден сəл өзгешелеу болуы мүмкін.
10 Setup Utility (BIOS) жəне System Diagnostics Setup Utility немесе BIOS (Basic Input/Output System) жүйедегі бүкіл кіріс жəне шығыс құрылғыларының (мысалы, диск жетектері, монитор, пернетақта, тінтуір жəне принтер) арасындағы байланысты басқарады. Setup Utility (BIOS) ішінде орнатылған құрылғылардың параметрлері, компьютердің жүктелу реті жəне жүйе мен кеңейтілген жадтың көлемі қамтылған.
BIOS нұсқасын анықтау Қолданыстағы BIOS жаңартуларының компьютерде қазір орнатылғандарынан кейінірек BIOS нұсқаларын қамтитын анықтау үшін, қазір орнатылған BIOS жүйесінің нұсқасын білу қажет. BIOS нұсқасының ақпаратын (ROM деректері жəне BIOS жүйесі деп те аталады) fn+esc пернелер тіркесімін басып (Windows жүйесінде болған жағдайда) немесе Setup Utility (BIOS) утилитасын пайдаланып көрсетуге болады. 1. Setup Utility (BIOS) утилитасын қосыңыз. 2.
BIOS нұсқасын орнату іс реттері əртүрлі екен. Жүктеп алу үрдісі аяқталғаннан кейін экранда көрсетілетін нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулар экранға шығарылмаған жағдайда мына қадамдарды орындаңыз: 1. Бастау экранында п əрпін жазып, Проводник (Жетектеуші) пəрменін таңдаңыз. 2. Тағайындалған қатты дискіні басыңыз. Əдетте жергілікті диск (C:) тағайындалған қатты диск болып табылады. 3. Бұрын жазылған қатты дискіге жол бойынша жаңарту файлы орналасқан қатты дискідегі қалтаны тауып ашыңыз. 4. .
11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру Компьютердің ішінде ақпаратты қорғауға жəне қажет болғанда шығарып алуға көмектесетін амалдық жүйе жəне HP компаниясы ұсынған құралдар бар. Бұл құралдар компьютерді жақсы жұмыс күйіне келтіруге немесе бастапқы зауыттық күйге келтіруге көмектеседі. Олар оңай қолданылады.
Қалпына келтіру дискісін жəне сақтық көшірмелерді жасау Жүйе ақаулығынан кейін жүйені қалпына келтіру жəне жақын арада жасалған сақтық көшірме тек бірдей нəтиже береді. 1. Компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP қалпына келтіру дискісін жасаңыз. Бұл үрдіс барысында компьютердегі HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінің сақтық көшірмесі жасалады. Қатты диск зақымданған немесе ауыстырылған жағдайда түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнату үшін сақтық көшірмені қолдануға болады.
қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз. НР Қалпына келтіру дискілерін жасау HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді сəтті орнатқаннан кейін HP Recovery (НР Қалпына келтіру) дискісін жасауға мүмкіндік береді. НР қалпына келтіру дискісін қатты диск зақымдалса жүйені қалпына келтіру үшін қолдана аласыз.
НР Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін 1. Бастау экранында восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, одан кейін HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) пəрменін таңдаңыз. 2. Жалғастыру үшін Создать носитель для восстановления системы (Жүйені қалпына келтіру құралын жасау) пəрменін таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Жүйені қалпына келтіру қажет болса, ақпаратты HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдалану арқылы қалпына келтіру 97-бетте бөлімінен қараңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру Жүйені қалпына келтірудің бірнеше мүмкіндігі бар. Жағдайыңызға жəне тəжірибе деңгейіне сəйкес келетін əдісті таңдаңыз: ● Егер сізге жеке файлдар мен мəліметтеріңізді қалпына келтіру қажет болса, ақпаратыңызды жасалған сақтық көшірмелерден қалпына келтіру үшін Windows файлдар журналын пайдалана аласыз. Файлдар журналын пайдалану процедурасы туралы ақпаратты жəне қосымша мəліметтерді алу үшін Windows Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын қараңыз.
құралының Drivers and Applications Reinstall (Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату) мүмкіндігі арқылы орнатуға болады. Қосымша ақпаратты HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдалану арқылы қалпына келтіру 97-бетте бөлімінен қараңыз. ● Егер компьютердің бастапқы зауыттық бөлімін жəне мазмұнды қалпына келтіргіңіз келсе, НР қалпына келтіру дискісіндегі System Recovery (Жүйені қалпына келтіру) мүмкіндігін таңдай аласыз.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін пайдалану Компьютеріңіз дұрыс жұмыс істемей тұрған кезде жəне жүйенің тұрақтылығын қалпына келтіру қажет болғанда, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясы маңызды ақпаратты қалпына келтіріп, сақтауға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Қалпына келтіру функциясы зауытта жүйеге бастапқыда орнатылмаған кез келген стандартты бағдарламаларды жояды.
f11 пернесін пайдалану үшін 1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз. – немесе – Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз. 2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын таңдаңыз. 3. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру) параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз. Бастау экранын пайдалану үшін 1.
Мынаны білгеніңіз жөн ● HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен дискіден қайта орнату қажет. ● HP Recovery Manager құралы арқылы қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің ең соңғы əрекеті ретінде пайдаланған жөн. ● HP қалпына келтіру дискісін қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда пайдалану қажет.
Қалпына келтіру үшін HP қалпына келтіру дискісін пайдалану Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл əдісті амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты диск дұрыс істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады. 1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз. 2.
HP Recovery бөлімін жою HP Recovery Manager бағдарламалық құралы қатты дискідегі орынды босату үшін HP Recovery бөлімін жоюға мүмкіндік береді. МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: Егер НР Recovery бөлімі жойылған болса, Windows жүйесінің Қалпына келтіру функциясын, Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату мүмкіндігін немесе HP Recovery Manager құралының ықшамдалған кескінді қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалану мүмкін емес болады.
12 Техникалық сипаттамасы Тұтынылатын қуат Егер сіз компьютерді алып, халықаралық саяхат жасауды жоспарласаңыз, осы бөлімде берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін. Компьютер айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Компьютер бөлек тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген жəне осы компьютерге қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Жұмыс ортасы Фактор Метрикалық өлшемдер жүйесі АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер жүйесі Пайдалануға болатын 5 - 35°C 41 - 95°F Жұмыссыз режимде -20 мен 60°C арасында -4 пен 140°F арасында Температура Салыстырмалы ылғалдылық (конденсанцияланбайтын) Пайдалануға болатын 5 - 95% 5 - 95% Жұмыссыз режимде 5 - 95% 5 - 95% Пайдалануға болатын -15 м мен 3048 м арасында -50 фут пен 10000 фут арасында Жұмыссыз режимде -15 м мен 15 240 м арасында -50 мен 50000 фут арасында Ең жоғары биіктік (қысымсыз
13 Электростатикалық разряд Электростатикалық ток соғу — екі зат қатынасқа түскен кезде статикалық электр тогының соғуы, мысалы, кілем үстінде тұрып есіктің темір тұтқасын ұстағаннан болатын ток соғу. Саусақтар немесе басқа электростатикалық разряд өткізгіштерінен шығатын статикалық электр қуатының разряды электрондық бөліктерге зақым келтіруі мүмкін.
Индекс А ажыратымдылығы жоғары құрылғылар, жалғау 31, 32 Айнымалы ток адаптері 7 айнымалы ток адаптері, тексеру 57 айнымалы ток адаптерін тексеру 57 аудио кіріс (микрофон) ұясы 8 аудио параметрлерін HDMI үшін реттеу 32 аудио функциялары, тексеру 29 аудио функцияларын тексеру 29 аудио шығыс (гарнитура) ұясы 8 Ə əрекеттер пернелері алдыңғы жол немесе бөлім 44 Анықтама жəне қолдау орталығы 43 анықтау 15 дыбыс деңгейін арттыру 44 дыбысты өшіру 44 келесі жол немесе бөлім 44 ойнату, кідірту, жалғастыру 44 сəулел
желіаралық қалқан бағдарламалық құралы 84 желі ұясы, анықтау 8 жойылған файлдар қалпына келтіру 94 жұмыс ортасы 102 жұмысты аяқтау 60 жүйе ақпаратының пернелер тіркесімі 45 жүйені қалпына келтіру 97 жүйені қалпына келтіру нүктесі жасау 91 қалпына келтіру 94 жүктеу реті HP Recovery Manager бағдарламалық құралын өзгерту 99 И Интернет байланысын орнатқыш 22 Интернет қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарламалық құрал, пайдалану 84 К кабельдер USB 62 компьютер, сапарға шығу 55 компьютерді қорғау 77 компьютерді
пернелер b 15, 27 esc 15 fn 15, 27 num lock 16 Windows қолданбалары 15 Windows логотипі 15 əрекет 15 пернелер тіркесімдері басс параметрлері 45 жүйе ақпаратын көрсету 45 пайдалану 45 Сенсорлы тақтаны жарықтандыру шамы 45 сипаттама 45 пернетақта, кірістірілген сандық 16 пернетақтадағы пернелер тіркесімдері, анықтау 45 пернетақта жарықтандырғышының əрекет пернесі, анықтау 44 порттар HDMI 8, 28, 31 Intel сымсыз дисплейі 32 USB 2.0 7, 27 USB 3.
І ішкі микрофондар, анықтау 10, 26 Э электростатикалық разряд WLAN желісіне қосылу 23 WLAN жүйесін орнату 22 WLAN құрылғысы 19, 21 R RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 8 103 B Beats Audio 15, 27, 29, 45 Beats Audio басқару тақтасы 29 Beats Audio жылдам пернесі 29 BIOS жаңарту 87 жаңартуды жүктеп алу 88 нұсқаны анықтау 88 Bluetooth жапсырмасы 19 Bluetooth құрылғысы 20, 24 b пернесі, анықтау 15, 27 C caps lock шамы, анықтау 12 CyberLink PowerDVD 32 E esc пернесі, анықтау 15 F fn пернесі, анықтау 15, 27, 45 H HDMI