User Guide - Windows 8

қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
НР Қалпына келтіру дискілерін жасау
HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді сəтті
орнатқаннан кейін HP Recovery (НР Қалпына келтіру) дискісін жасауға мүмкіндік береді. НР
қалпына келтіру дискісін қатты диск зақымдалса жүйені қалпына келтіру үшін қолдана аласыз.
Жүйені қалпына келтіру мүмкіндігі түпнұсқалық амалдық жүйені жəне зауытта орнатылған
бағдарламалық құрал бағдарламаларын қайта орнатады, одан кейін бағдарламалар
параметрлерін теңшейді. Сондай-ақ,
НР қалпына келтіру дискісін жүйені өзгерту немесе қатты
дискіні ауыстыруға көмектесу үшін пайдалануға болады.
НР Қалпына келтіру дискілерінің тек қана бір жинағын жасауға болады. Бұл қалпына
келтіру құралдарын қолданғанда сақ болып, оларды қауіпсіз жерде сақтаңыз.
HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралы компьютерді
тексеріп, бос USB флэш-дискісінің сақтау көлемін немесе қажет етілетін
бос DVD
дискілерінің санын анықтайды.
Қалпына келтіру дискілерін жасау үшін компьютерде DVD дискісіне жазу қабілеті бар
оптикалық диск жетегі болуы қажет жəне тек қана жоғары сапалы бос DVD-R, DVD+R,
DVD-R DL, DVD+R DL дискілерін пайдалануыңыз тиіс. CD±RW, DVD±RW сияқты қайта
жазуға болатын дискілерді, қос қабатты DVD±RW дискілерін немесе BD-RE (қайта жазуға
арналған Blu-ray) дискілерін пайдаланбаңыз. Олар HP Recovery Manager (НР Қалпына
келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралымен үйлеспейді. Немесе
оның орнына жоғары
сапалы бос USB флэш-дискісін пайдалана аласыз.
Егер компьютерде DVD дискісіне жазу қабілеті бар кірістірілген оптикалық диск жетегі
болмаса, бірақ қалпына келтіру DVD дискілерін жасағыңыз келсе, қалпына келтіру
дискілерін жасау үшін қосымша сыртқы оптикалық диск жетегін (бөлек сатылады)
пайдалануға немесе компьютерге арналған қалпына келтіру дискілерін HP веб-торабынан
алуға болады. АҚШ қолдауы үшін
мына торапқа өтіңіз: http://www.hp.com/go/contactHP.
Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз:
http://welcome.hp.com/country/us/en/
wwcontact_us.html. Сыртқы оптикалық дискі қолданылса, оны компьютердегі USB портына
тікелей жалғау керек; дискіні USB концентраторы сияқты сыртқы құрылғы арқылы USB
портына жалғамаңыз.
Қалпына келтіру дискілерін жасамай тұрып, компьютердің айнымалы ток көзіне
жалғанғанын тексеріңіз.
Дискілерді жасау процесі бір сағат немесе одан да көп уақытты алуы мүмкін. Дискілерді
жасау процесін тоқтатпаңыз.
Егер қажет болса, қалпына келтіру
DVD дискілерінің жасалуын аяқтағанға дейін
бағдарламадан шығуға болады. HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі)
бағдарламалық құралы ағымдағы DVD дискісіне жазуды аяқтайды. HP Recovery Manager
бағдарламалық құралын келесі рет ашқанда, сақтық көшірме жасау процесін жалғастыру
ұсынылатын болады жəне қалған дискілердің жасалуы жалғасады.
92 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру