User Guide - Windows 8
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру
Жүйені қалпына келтірудің бірнеше мүмкіндігі бар. Жағдайыңызға жəне тəжірибе деңгейіне
сəйкес келетін əдісті таңдаңыз:
●
Егер сізге жеке файлдар мен мəліметтеріңізді қалпына келтіру қажет болса,
ақпаратыңызды жасалған сақтық көшірмелерден қалпына келтіру үшін Windows файлдар
журналын пайдалана аласыз. Файлдар журналын пайдалану процедурасы туралы
ақпаратты жəне қосымша мəліметтерді алу үшін Windows Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау)
орталығын қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка
и поддержка (Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
●
Егер сізге алдын ала орнатылған қолданба немесе драйвер мəселесін шешу қажет болса,
жеке қолданба немесе драйверді қайта орнату үшін HP Recovery Manager (НР Қалпына
келтіру көмекшісі) бағдарламалық құралының Drivers and Applications Reinstall
(Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату) мүмкіндігін пайдаланыңыз.
Бастау экранында
восстановление (қалпына келтіру) деп жазып, HP Recovery Manager
(НР Қалпына келтіру көмекшісі) пəрменін таңдаңыз, одан кейін Drivers and Applications
Reinstall (Драйверлер мен қолданбаларды қайта орнату) пəрменін таңдаңыз жəне
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
●
Егер жүйені жеке ақпаратты жоғалтпастан алдыңғы күйге қалпына келтіргіңіз келсе,
Windows жүйені қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалануға болады. Жүйені қалпына келтіру
функциясы Windows жүйесін қалпына келтіруді немесе
қайта орнатуды қажет етпестен
қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Windows жүйесі бастапқы қалпына келтіру нүктелерін
Windows жүйесін жаңарту жəне жүйеге күтім көрсету үрдісі барысында автоматты түрде
жасайды. Егер қалпына келтіру нүктесі қолмен жасалмаған болса, автоматты түрде
жасалатын алдыңғы нүктеге дейін қалпына келтіре аласыз. Windows жүйені қалпына
келтіру функциясын пайдалану процедурасы туралы ақпаратты жəне қосымша
мəліметтерді алу үшін
Windows Справка и поддержка (Анықтама жəне қолдау) орталығын
қараңыз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
●
Егер жүйені жеке ақпаратты, параметрлерді немесе компьютерде алдын ала орнатылып
келген не Windows Store дүкенінен сатып алынған бағдарламаларды жоғалтпастан
қалпына келтіргіңіз келсе, Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін пайдалануға
болады. Бұл мүмкіндік сақтық
көшірмені жасап басқа дискіге сақтауды талап етпейді.
Windows жүйесінің қалпына келтіру мүмкіндігін тез əрі оңай қалпына келтіру үшін
пайдалану 96-бетте бөлімін қараңыз.
●
Егер компьютерді бастапқы қалпына келтіргіңіз келсе, Windows жүйесі барлық жеке
мəліметтер, бағдарламалар мен параметрлерді жойып, Windows жүйесін қайта орнатудың
оңай əдісімен қамтамасыз етеді.
Қосымша ақпаратты
Барлығын жою жəне Windows жүйесін қайта орнату 96-бетте
бөлімінен қараңыз.
●
Егер компьютеріңізді ықшамдалған кескінді пайдалану арқылы бастапқы қалпына
келтіргіңіз келсе, HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) HP
Minimized Image Recovery (НР Ықшамдалған кескінді қалпына келтіру) мүмкіндігін таңдауға
немесе НР Қалпына келтіру дискілерін пайдалануға болады. Minimized Image Recovery
(Ықшамдалған кескінді қалпына келтіру) мүмкіндігінің көмегімен тек драйверлер жəне
жабдықты қосатын бағдарламалар ғана орнатылады. Кескінде қамтылған басқа
бағдарламаларды HP Recovery Manager (НР Қалпына келтіру көмекшісі) бағдарламалық
94 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру










