User Guide - Windows 8
f11 пернесін пайдалану үшін
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймешігін басқан кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. Вернуть компьютер в исходное состояние (Компьютерді бастапқы күйіне келтіру)
параметрін таңдаңыз да, экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Бастау экранын пайдалану үшін
1. Шебер түймелерді
көрсету үшін бастау экранының жоғары немесе төменгі оң жақ
бұрышына меңзерді жылжытыңыз.
2. Параметры (Параметрлер) тармағын таңдаңыз.
3. Экранның төменгі оң жақ бұрышындағы Изменение параметров компьютера (Компьютер
параметрлерін өзгерту) белгішесін басыңыз жəне компьютер параметрлерінің экранында
Общие (Жалпы) қойыншасын таңдаңыз.
4. Удаление всех данных и переустановка Windows (Барлығын жою жəне Windows
жүйесін қайта орнату) ішінен Начало
работы (Жұмысты бастау) пəрменін таңдаңыз да,
экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
HP Recovery Manager бағдарламалық құралын пайдалану арқылы
қалпына келтіру
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы компьютерді оның бастапқы зауыттық күйіне
келтіруге мүмкіндік береді. Сіз жасаған НР қалпына келтіру дискісін пайдалану арқылы мына
қалпына келтіру мүмкіндіктерінің бірін таңдай аласыз:
●
System Recovery (Жүйені қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық жүйені қайта орнатады,
одан кейін зауытта орнатылған бағдарламалар үшін параметрлерді реттейді.
●
Minimized Image Recovery (Ықшамдалған кескінді қалпына келтіру): түпнұсқалық амалдық
жүйені жəне жабдыққа
байланысты барлық драйверлер мен бағдарламалық құралдарды
орнатады, басқа бағдарламалық қолданбалар орнатылмайды.
●
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру): компьютерді қатты дискіден
барлық ақпаратты жойып, бөлімдерді қайта жасау арқылы бастапқы зауыттық күйіне
қалпына келтіреді. Одан кейін түпнұсқалық амалдық жүйе жəне зауытта орнатылған
бағдарламалар қайта орнатылады.
HP Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімінен (тек таңдаулы үлгілерде) HP Minimized Image
Recovery (НР Ықшамдалған
кескінді қалпына келтіру) мүмкіндігін таңдауға болады.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 97










