User Guide - Windows 8
Мынаны білгеніңіз жөн
●
HP Recovery Manager бағдарламалық құралы тек зауытта орнатылған бағдарламалық
құралдарды қалпына келтіреді. Осы компьютермен қамтамасыз етілмеген бағдарламалық
құралдарды өндірушінің веб-торабынан жүктеу немесе өндіруші қамтамасыз еткен
дискіден қайта орнату қажет.
●
HP Recovery Manager құралы арқылы қалпына келтіруді компьютер мəселелерін шешудің
ең соңғы əрекеті ретінде пайдаланған жөн.
●
HP қалпына келтіру дискісін қатты дискінің ақаулығы орын алған жағдайда пайдалану
қажет.
●
Factory Reset (Зауыттық параметрлерді қалпына келтіру) немесе System Recovery (Жүйені
қалпына келтіру) мүмкіндігін қолдану үшін HP қалпына келтіру дискісін пайдалану керек.
●
Қалпына келтіру дискілері жұмыс істемесе, жүйені қалпына келтіру құралдарын HP веб-
торабынан алуға болады. АҚШ қолдауы үшін мына торапқа өтіңіз:
http://www.hp.com/go/
contactHP. Дүниежүзілік қолдау үшін мына торапқа өтіңіз: http://welcome.hp.com/country/us/
en/wwcontact_us.html.
МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ: HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы жеке
мəліметтердің сақтық көшірмесі автоматты түрде жасалмайды. Қалпына келтіруге кіріспес
бұрын, сақтағыңыз келетін кез келген жеке мəліметтеріңіздің сақтық көшірмесін жасаңыз.
Ықшамдалған кескінді (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру үшін HP
Recovery (НР қалпына келтіру) бөлімін пайдалану
HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі (тек таңдаулы үлгілерде) қалпына келтіру дискілерін
немесе қалпына келтіру USB флэш-дискісін пайдаланбастан ықшамдалған кескінді қалпына
келтіруге мүмкіндік береді. Қалпына келтірудің бұл түрін тек қатты диск жұмыс істеп тұрғанда
пайдалану мүмкін болады.
HP Recovery Manager бағдарламалық құралын HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімінен
бастау үшін
1. Компьютер басталған кезде f11 пернесін басыңыз.
– немесе –
Қуат түймешігін басқан
кезде f11 пернесін басып ұстап тұрыңыз.
2. Жүктеу опцияларының мəзірінен Устранение неполадок (Ақаулықтарды жою) тармағын
таңдаңыз.
3. HP Recovery Manager тармағын таңдаңыз жəне экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
98 Бап 11 Сақтық көшірме жасау, алдыңғы күйіне қайтару жəне қалпына келтіру










