User Guide - Windows 8

Қалпына келтіру үшін HP қалпына келтіру дискісін пайдалану
Түпнұсқалық жүйені қалпына келтіру үшін, НР қалпына келтіру дискісін пайдалана аласыз. Бұл
əдісті амалдық жүйеде HP Recovery (HP қалпына келтіру) бөлімі болмаған кезде немесе қатты
диск дұрыс істемей тұрған жағдайда пайдалануға болады.
1. Мүмкін болса, барлық жеке файлдардың сақтық көшірмесін жасаңыз.
2. Сіз жасаған бірінші НР қалпына келтіру дискісін компьютердегі оптикалық диск жетегіне
немесе қосымша сыртқы
оптикалық диск жетегіне салыңыз да, компьютерді қайта іске
қосыңыз.
немесе
Сіз жасаған НР қалпына келтіру USB флэш-дискісін компьютердің USB портына салып,
компьютерді қайта іске қосыңыз.
ЕСКЕРІМ: Компьютер HP Recovery Manager бағдарламалық құралын автоматты түрде
қайта қоспаса, компьютердің жүктелу тəртібін өзгертіңіз.
Компьютердің жүктелу тəртібін
өзгерту 99-бетте бөлімін қараңыз.
3. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Компьютердің жүктелу тəртібін өзгерту
Егер HP Recovery Manager бағдарламалық құралы арқылы компьютер қайта басталмаса,
компьютер бастау туралы ақпаратты іздейтін BIOS бағдарламасындағы құрылғылар реті болып
табылатын компьютердің жүктеу тəртібін өзгерте аласыз. Оптикалық диск немесе USB флэш-
дискісі үшін таңдау ретін өзгертуге болады.
Жүктеу тəртібін өзгерту үшін
1. Сіз жасаған НР қалпына келтіру дискісін компьютерге салыңыз.
2. Компьютерді қайта іске қосыңыз.
3. Компьютер қайта
іске қосылып жатқанда esc пернесін басып тұрып, жүктелу
параметрлерін ашу үшін f9 пернесін басыңыз.
4. Жүктелетін оптикалық дискіні немесе USB флэш-дискісін таңдаңыз.
5. Экрандағы нұсқауларды орындаңыз.
Алдыңғы күйге қайтару жəне қалпына келтіру 99