User Guide - Windows 8

2 Компьютермен танысу
Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы
мəліметтерді табу
Аппараттық құралды табу
Компьютерде орнатылған аппараттық құралдардың тізімін көру үшін:
1. Бастау экранында п əрпін теріп, одан кейін Панель управления (Басқару тақтасы)
тармағын таңдаңыз.
2. Система и безопасность (Жүйе жəне қауіпсіздік) параметрін таңдаңыз жəне жүйе
аймағында Диспетчер устройств (Құрылғы реттеушісі) пəрменін басыңыз.
Компьютерге орнатылған барлық құрылғылар тізімі көрсетіледі.
Бағдарламалық құралдарды табу
Компьютерде орнатылған бағдарламалық құралдардың тізімін көру үшін, бастау
экранында бағдарламаларды көрсету мақсатымен тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз
немесе саусағыңызды сенсорлы тақтаның жоғарғы жағынан жылжытыңыз, одан кейін Все
приложения (Барлық бағдарламалар) белгішесін басыңыз.
Алдыңғы жағы
Бөлік Сипаттама
Сандық медиа ұясы Келесі сандық карталар пішімдерін қолдайды:
Қауіпсіз сандық (SD) жад картасы
Сыйымдылығы жоғары қауіпсіз сандық (SDHC) жад картасы
Сыйымдылығы кеңейтілген қауіпсіз сандық (SDхC) жад
картасы
Жылдамдығы өте жоғары MultiMediaCard (UHS/MMC)
Аппараттық жəне бағдарламалық құрал туралы мəліметтерді табу 5