User Guide - Windows 8
Сол жағы
Бөлік Сипаттама
(1) Желдеткіш Ішкі бөліктерді салқындату үшін ауа ағынын қосады.
ЕСКЕРІМ: Компьютер желдеткіші ішкі бөліктерді
салқындату үшін жəне қызып кетуден қорғау үшін
автоматты түрде қосылады. Жұмыс барысында
желдеткіштің біресе қосылып, біресе өшіп отыруы –
қалыпты жағдай.
(2)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды қосады.
(3)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген сыйысымды сандық не аудио құрылғысы
сияқты қосымша бейне немесе дыбыс құрылғыларын
қосады.
(4)
RJ-45 (желі) ұясы Желілік кабелді қосады.
(5)
USB 3.0 порттары (2) Қосымша USB 3.0 құрылғыларын жалғауға арналған
жəне USB арқылы қосылатын жақсартылған қуат
өнімділігімен қамтамасыз етеді.
ЕСКЕРІМ: USB порттарының түрлері туралы толық
ақпаратты USB құрылғысын пайдалану 62-бетте
бөлімінен қараңыз.
(6)
Aудио кіріс (микрофон) ұясы Қосымша компьютердің гарнитура микрофонын,
стереомикрофонды немесе моно микрофонды қосады.
(7)
Aудио шығыс (құлақаспап) ұясы Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлаққаптар, тығын тəріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін,
гарнитураны, тығын тəріздес құлақаспапты немесе
құлаққапты кимес бұрын дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қосымша қауіпсіздік ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік
жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Құрылғы гарнитура ұясына қосылған
кезде, компьютер үндеткіштері
ажыратылады.
8 Бап 2 Компьютермен танысу










