User Guide - Windows 8

Түймешіктер, үндеткіштер жəне саусақ ізін оқу құрылғысы
Бөлік Сипаттама
(1)
Қуат түймешігі
Компьютер өшірулі болғанда, компьютерді қосу
үшін түймешікті басыңыз.
Компьютер ұйқы күйінде болғанда, ұйқы күйінен
шығу үшін түймешікті тез басып қалыңыз.
ЕСКЕРТУ: Қуат түймешігін басып тұрса, сақталмаған
ақпараттар жойылып кетеді.
Компьютер жауап бермесе жəне Microsoft® Windows®
жүйесін өшіру процедуралары нəтиже бермесе,
компьютерді өшіру үшін қуат түймешігін кем дегенде 5
секунд басып тұрыңыз.
ЕСКЕРІМ: Таңдаулы
үлгілерде, Intel® Rapid Start
Technology (Жылдам қосу технологиясы) мүмкіндігі
зауытта қосылады. RST мүмкіндігі əрекетсіз тұрған
компьютерді бірден іске қосуға мүмкіндік береді.
Қосымша ақпаратты
Ұйқылық немесе күту күйін
қосу 48-бетте бөлімінен қараңыз.
Қуат параметрлеріңіз туралы қосымша ақпарат алу
үшін:
1. Бастау экранында п əрпін теріңіз.
2. Іздеу жолағында питание (қуат) деп жазыңыз.
3. Параметры (Параметрлер), одан кейін
Параметры питания (Қуат параметрлері)
пəрмендерін таңдаңыз немесе
Қуат
басқару 47-бетте бөлімін қараңыз.
Жоғарыдан қарағандағы көрінісі 13