User Guide - Windows 8
Сымсыз радио сигналдары желінің сыртында да таралғандықтан басқа WLAN құрылғылары
қорғалмаған сигналдарды қабылдауы мүмкін. WLAN желісін қорғау үшін, келесі сақтық
шараларын қолданыңыз:
●
Желіаралық қалқанды пайдаланыңыз.
Желіаралық қалқан желіге жіберілген деректерді де, деректер сұраныстарын да тексереді
жəне кез келген күмəнді элементтерді қайтарады. Желіаралық қалқандар бағдарламалық
құралда да, жабдықта да жұмыс істейді. Кейбір желілер екі түрін
де біріктіріп пайдаланады.
●
Сымсыз шифрлауды қолданыңыз.
Сымсыз шифрлау желі арқылы тасымалданатын деректерді шифрлау жəне шифрын ашу
үшін қауіпсіздік параметрлерін қолданады. Қосымша ақпарат алу үшін бастау экранында с
əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Справка и поддержка (Анықтама
жəне қолдау) тармағын таңдаңыз.
WLAN желісіне қосылу
WLAN желісіне қосылу үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:
1. WLAN құрылғысының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер қосылған болса, сымсыз
байланыс шамы ақ болады. Сымсыз байланыс шамы сөніп тұрса, сымсыз байланыс
түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Кейбір үлгілерде барлық сымсыз құрылғылар өшірулі болғанда, сымсыз
байланыс шамы сары түспен жанып тұрады.
2. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан хабарландыру
аймағындағы желі күйінің белгішесін оң түймешікті түртіңіз немесе басыңыз.
3. Тізімнен WLAN желісін таңдаңыз.
4. Подключить (Қосылу) пəрменін таңдаңыз.
Егер желі қауіпсіз қосылған WLAN желісі болса, сізден желінің қауіпсіздік кілтін енгізу
сұралады. Кодты енгізіп, қосылуды аяқтау үшін, OK түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер WLAN тізімі көрсетілсе, сымсыз жол жоспарлағышы ауқымының немесе
кіру нүктесінің сыртында болуыңыз мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Егер қосылатын WLAN желісі көрсетілмесе, жұмыс үстелінде желі күйінің
белгішесін оң жақ түймешікпен нұқып, Открыть центр управления сетями и общим
доступом (Желілер мен ортақ пайдалануды басқару орталығын ашу) пəрменін таңдаңыз.
Настройка нового подключения или сети (Жаңа қосылым немесе желіні орнату)
пəрменін таңдаңыз. Желіні қолмен іздеу жəне оған қосылу немесе жаңа желі байланысын
орнатуға мүмкіндік беретін опциялар тізімі ашылады.
Байланыс орнатылып болған соң, оның аты мен күйін тексеру үшін, тінтуір меңзерін
тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы желі белгішесіне
қойыңыз.
ЕСКЕРІМ: Жұмыс ауқымы (сымсыз сигналдардың жету алыстығы) WLAN кіруіне, жол
жоспарлағышын өндірушіге жəне басқа электрондық құрылғылардан алынған кедергілерге
немесе қабырғалар жəне едендер сияқты құрылымды тосқауылдарға байланысты болады.
Сымсыз желіге қосылу 23










