User Guide - Windows 8

Бөлік Сипаттама
(13)
HDMI порты Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез
келген үйлесімді сандық не аудио құрамдас
бөлікті немесе жоғары жылдамдықты HDMI
құрылғысы сияқты қосымша бейне немесе дыбыс
құрылғыларын қосады.
(14)
Сыртқы монитор порты Сыртқы VGA мониторы немесе проекторды
қосады.
Веб-камераны пайдалану
Бұл компьютердің келесі бөлмедегі немесе əлемнің басқа бөлігіндегі жақын достарыңыз
немесе əріптестеріңізбен байланысуға мүмкіндік беретін қуатты əлеуметтік желі құралы болып
табылатын ішкі веб-камерасы бар. Веб-камераны пайдаланып лездік хабар алмасу
бағдарламалық құралымен бейне ағынын жасауға, бейнеге түсіруге жəне бөлісуге, сондай-ақ,
фотосуреттер түсіруге болады.
Веб-камераны іске қосу үшін, бастау экранында
c əрпін теріп, CyberLink YouCam белгішесін
таңдаңыз.
Веб-камераны қолдану туралы толық ақпарат алу үшін, Справка и поддержка (Анықтама жəне
қолдау) бөліміне өтіңіз. Бастау экранында с əрпін жазыңыз, одан кейін Справка и поддержка
(Анықтама жəне қолдау) пəрменін таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану
HP компьютерімен музыка ықшам дискілерін ойнатуға, музыканы жүктеуге жəне тыңдауға,
вебтегі аудио мазмұнды тыңдауға (соның ішінде радионы), дыбыс жазуға немесе мультимедиа
файлын жасау үшін дыбыс пен бейнені біріктіруге болады. Тыңдау əсерін жақсарту үшін,
үндеткіштер немесе құлақаспаптар сияқты сыртқы дыбыс құрылғыларын жалғаңыз.
Үндеткіштерді қосу
Сымды үндеткіштерді компьютердегі немесе қондыру тұғырындағы USB порттарына (немесе
дыбыс шығысы ұясына) жалғау арқылы қосуға болады.
Сымсыз үндеткіштерді компьютерге қосу үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары үндеткіштерді қосу үшін,
Дыбыс параметрлерін реттеу
(HDMI теледидар арқылы) 32-бетте бөлімін қараңыз. Дыбыс құрылғыларын қосу үшін, дыбыс
деңгейін реттеңіз.
Гарнитураны қосу
Сымды гарнитураны компьютеріңіздің гарнитураға арналған ұясына қосуға болады.
Компьютерге сымсыз гарнитураны жалғау үшін, құрылғы өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз.
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ! Жарақаттану қаупін азайту үшін, құлақаспаптар, тығын тəріздес
құлақаспап немесе гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз. Қосымша қауіпсіздік
ақпаратын Заңдық, қауіпсіздік жəне экологиялық ескертпелерден қараңыз.
28 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану