User Guide - Windows 8

Микрофонды қосу
Дыбыс жазу үшін, микрофонды компьютердің микрофон ұясына қосыңыз. Жазу кезінде жақсы
нəтиже алу үшін, микрофонға тікелей сөйлеп, артқы шу жоқ параметрде дыбысты жазыңыз.
Beats Audio мүмкіндігін пайдалану
Beats Audio — таза дыбысты қолданған кезде, терең, басқарылатын төменгі дыбыс беретін
жетілдірілген дыбыс функциясы.
Beats Audio басқару тақтасын ашу
Beats Audio басқару тақтасында дыбыс жəне төменгі дыбыс жиілігі параметрлерін көріп, қолмен
басқара аласыз.
Beats Audio басқару тақтасын ашу үшін, бастау экранында п əрпін теріп, Панель
управления (Басқару тақтасы), Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс), Панель
управления Beats Audio (Beats Audio басқару тақтасы) тармақтарын таңдаңыз.
Beats Audio қосу жəне өшіру
Beats Audio функциясын қосу не өшіру үшін, fn пернесін b пернесі пернесімен бірге
басыңыз.
Дыбысты тексеру
Компьютердің дыбыс функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін таңдаңыз.
3. Звук (Дыбыс) терезесі ашылғанда, Звуки (Дыбыстар) қойындысын басыңыз.
Программные события (Бағдарламалар оқиғалары) параметрі астынан дыбыс сигналы
немесе ескерту дыбысы сияқты кез келген дыбыс оқиғасын таңдаңыз, одан кейін
Проверка (Сынау) түймешігін басыңыз.
Дыбысты үндеткіштер немесе қосылған құлақаспаптар арқылы естуіңіз қажет.
Компьютердің жазу функцияларын тексеру үшін, келесі қадамдарды орындаңыз:
1. Бастау экранында з əрпін жазыңыз, одан кейін Запись звука (Дыбыс жазу) пəрменін
таңдаңыз.
2. Начать запись (Жазуды бастау) түймешігін басып, микрофонмен
сөйлеңіз. Файлды жұмыс
үстеліне сақтаңыз.
3. Мультимедиалық бағдарламаны ашыңыз жəне дыбысты ойнатыңыз.
Компьютерде аудио параметрлерін құптау немесе өзгерту үшін
1. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен Панель
управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз.
2. Оборудование и звук (Жабдық жəне дыбыс) > Звук (Дыбыс) параметрін таңдаңыз.
Дыбысты пайдалану 29