User Guide - Windows 8
ЕСКЕРІМ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Тамаша нəтижелер алу
үшін Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
HDMI құрылғысын жалғау
Компьютер экранындағы кескінді ажыратымдылығы жоғары теледидардан не компьютерден
көру үшін, ажыратымдылығы жоғары құрылғыны келесі нұсқауларға сəйкес жалғаңыз.
HDMI құрылғысын компьютерге жалғау үшін бөлек сатылатын HDMI кабелі қажет болады.
Компьютерге ажыратымдылығы жоғары теледидарды не мониторды жалғау:
1. HDMI кабелінің бір ұшын компьютердегі HDMI портына жалғаңыз.
2. Кабельдің екінші ұшын ажыратымдылығы жоғары теледидарға не мониторға жалғаңыз.
3. Компьютер экранындағы кескінді 4 түрлі көрсету күйіне ауыстырып қосу үшін, f4 пернесін
басыңыз:
●
ДК экраны ғана: экрандағы кескінді тек компьютерден көру.
● Қос: экрандағы кескінді бір уақытта компьютер мен сыртқы құрылғының екеуінен де
көру.
●
Кеңейтілген: Экрандағы кескінді компьютер мен сыртқы құрылғының
екеуінен көру.
● Екінші экран ғана: экрандағы кескінді тек сыртқы құрылғыдан көру.
f4 пернесі басылған сайын, көрсету күйі өзгереді.
ЕСКЕРІМ: Сыртқы құрылғының экран ажыратымдылығын реттеңіз, əсіресе, «Кеңейту»
параметрін таңдасаңыз. Бастау экранында п əрпін жазыңыз, одан кейін бағдарламалар
тізімінен Панель управления (Басқару тақтасы) белгішесін таңдаңыз. Оформление и
персонализация (Безендіру жəне даралау) пəрменін таңдаңыз. Тамаша нəтижелер алу
үшін Дисплей ішінен Настройка разрешения экрана (Экран ажыратымдылығын реттеу)
параметрін таңдаңыз.
Бейнені пайдалану 31










