User Guide - Windows 8

Дыбыс параметрлерін реттеу (HDMI теледидар арқылы)
HDMI ажыратымдылығы жоғары бейне жəне дыбыс параметрлеріне қолдау көрсететін жалғыз
бейне интерфейсі болып табылады. HDMI теледидарын компьютерге жалғағаннан кейін, келесі
қадамдарды орындау арқылы HDMI дыбысын қосуға болады:
1. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы
Динамик (Үндеткіш) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында сандық
шығыс құрылғысының атын нұқыңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Дыбысты қайтадан компьютер үндеткіштерінен шығару үшін, мына қадамдарды орындаңыз.
1. Жұмыс үстелінде, тапсырмалар тақтасының оң жақ шетіндегі хабарландыру аймағындағы
Динамики (Үндеткіштер) белгішесін тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Устройства
воспроизведения (Ойнату құрылғылары) параметрін таңдаңыз.
2. Воспроизведение (Ойнату) қойыншасында Динамики и
наушники (Үндеткіштер мен
құлақаспаптар) параметрін таңдаңыз.
3. Set Default (Əдепкі күйді орнату) пəрменін таңдап, OK түймешігін басыңыз.
Intel сымсыз дисплейін пайдалану (тек таңдаулы үлгілерде)
Intel® сымсыз дисплейі компьютердегі мазмұнды ажыратымдылығы жоғары теледидар,
монитор, проектор, ойын консолі, Blu-ray ойнатқышы немесе бейнемагнитофон сияқты
қабылдау/көрсету құрылғысына сымсыз түрде жіберуге мүмкіндік береді. Сымсыз адаптерді
пайдалану туралы толық ақпаратты өндірушінің нұсқауларынан қараңыз.
Intel сымсыз дисплейін ашу үшін бастау экранында w деп теріңіз жəне Intel WiDi пəрменін
таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Сымсыз дисплей мүмкіндігін пайдалануды бастамай тұрып, сымсыз құрылғыңыз
қосулы екенін тексеріңіз.
Дыбыс жəне бейне файлдарын басқару
CyberLink PowerDVD бағдарламасы фотосурет жəне бейне жинақтарын басқаруға жəне
өзгертуге мүмкіндік береді.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын компьютердің бастау экранынан бастау үшін c əрпін
жазыңыз, одан кейін бағдарламалар тізімінен CyberLink PowerDVD тармағын таңдаңыз.
CyberLink PowerDVD бағдарламасын пайдалану туралы қосымша ақпаратты PowerDVD
бағдарламалық құралының анықтамасынан қараңыз.
32 Бап 4 Көңіл көтеру мүмкіндіктерін пайдалану